Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бұрынғы Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамынан шығару туралы жарлыққа қол қойды.Онда: «Аталған Кеңестен: А.У. Мамин, Е.А. Досаева, Б.Б. Атамқұлов, Р.Е.Дәленов, Р.М.Исатаев, А.А.Арифханов, А.И.Мырзахметов, Р.Дж.Поллетт, А.Глазенберг, В.Н.Кнауф, А.Брейяк, К.Ульмер-Эйлфорт, В.Ю.Алекперов, Ю.Катаямуе шығарылсын»,— делінген. – дейді президент. Кеңес құрамына мына адамдар кіреді:
Пірматов Ғалымжан Олжаұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы;
Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Әлібек Сәкенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Шарлапаев Қанат Бисімбайұлы – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
Зебешев Ардақ Темірханұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы;
Баталов Райымбек Әнуарұлы – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы (келісім бойынша);
Бела Ференцци – General Electric компаниясының Ресейдегі/Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы президенті (келісім бойынша);
Гари Нейгл – Glencore бас директоры (келісім бойынша);
Уве Нотцер – Knauf International GmbH бас директоры, Knauf Group басқарушы серіктесі (келісім бойынша);
Николас Терраза – Total Energy Exploration and Production президенті, Total Energy Concern Атқару комитетінің мүшесі (келісім бойынша);
Кирсти Хелен Уилсон – Baker McKenzie Жаһандық атқарушы комитетінің мүшесі, Baker McKenzie International директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Воробьев Вадим Николаевич - «Лукойл» АҚ қоғамдық президенті (келісім бойынша);
Тецуя Шинохару – аға вице-президент, Mitsubishi корпорациясының жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің бас директоры (келісім бойынша);
Еске салсақ, Асқар Мамин 2019 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан үкіметін басқарды, Бейбіт Атамқұлов 2019 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылдың қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін басқарды.