МӘМС аясында кімдер тісін тегін емдете алатыны белгілі болды

МӘМС аясында кімдер тісін тегін емдете алатыны белгілі болды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында кімдерге тіс емдеу процедуралары тегін көрсетіледі? Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Лариса Гордеева айтып берді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ СҚО филиалының мәліметінше, биыл тегін стоматологиялық қызмет көрсету мақсатында 26 емдеу мекемесімен келісімшарттар жасалды. Соның ішінде 18-і — мемлекеттік, қалғаны — жекеменшік клиникалар.

«Облыста және елімізде стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың тізімін fms.kz ресми сайтынан табуға немесе емхананың өзінен білуге болады. Тегін стоматологиялық қызмет алу үшін емханадан жолдама алудың қажеті жоқ. Ең бастысы, науқас МӘМС-та стоматологиялық көмек алушылардың санатында болуы тиіс немесе медициналық көрсеткіштері болуы керек», — дейді филиал директоры Лариса Гордеева.

Стоматологиялық клиникалар амбулаториялық негізде консультациялық-диагностикалық қызметтер мен манипуляцияларды ұсынады. Мұнда пломба салу, алып тастау сияқты ем-домдар бар.

«18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер ғана күнделікті стоматологиялық күтімді ала алады. Қатты ауырған кезде 10 санаттағы азаматтарға, соның ішінде балалар мен жүкті әйелдерге, зейнеткерлерге, мүгедектігі бар азаматтарға және оларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдарға, соның ішінде мүгедек балаларға немесе бірінші топтағы мүгедектерге, әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы аурулары бар науқастарға, көпбалалы аналарға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және т.б. тегін қызмет көрсетіледі», — дейді Лариса Гордеева.

massaget.kz
23.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 96
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 616
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 734
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 646
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 655

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8790
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8190
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11418
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9172
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10403