МӘМС жүйесіне биыл енгізілетін өзгерістер

МӘМС жүйесіне биыл енгізілетін өзгерістер

      2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде қандай өзгерістер болды және сақтандырылмаған науқастар қандай көмекке жүгіне алады деген сауалға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әлия Жүсіпова: «2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өсуіне байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 3 пайызын аударады, бірақ 18 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс. Егер қызметкер 15 жеңілдік санатының біріне жататын болса, онда ол үшін аударым жасаудың қажеті жоқ. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2 пайызын аударады, бірақ 12 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс. Дара кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар – ЕТЖ 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ төлейді: қала тұрғындары үшін 1 АЕК немесе 3 063 теңге; ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер-ЕТЖ-нің 5 пайызы немесе 3 000 теңге. Мемлекет азаматтардың жеңілдікті 15 санаты үшін төлейді, бұл 11 миллионнан астам адам. Ағымдағы жылы бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды. Науқаста белгіленген әлеуметтік мәні бар ауру болған салалық мамандардың мерзімді жоспарға сай баруы, диагностикалық зерттеулер (аспаптық және зертханалық), сондай-ақ учаскелік дәрігер мен мейірбикенің қабылдауы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету әлеуметтік маңызы бар ауруды амбулаториялық деңгейде емдеу тізбесіне кіреді. Егер науқаста созылмалы аурудың асқынуы пайда болса немесе жоспарлы сауықтыру талап етілсе, онда мұндай науқас күндізгі немесе тәуліктік стационарға жатқызылуы мүмкін. Сақтандырылмаған науқас тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) тізбесіне кіретін қызметтерді, яғни жедел медициналық көмекті, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ала алады. Оның ішінде учаскелік дәрігерді қабылдау, ауруларды диагностикалау және емдеу, профилактика, сауықтыру, иммундау, салауатты өмір салтын ұстану, актив, патронаж, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық (диспансерлік) бақылау, созылмалы аурулар мен әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу кезінде күндізгі стационарда және тәулік бойы стационарда медициналық көмек көрсету,туберкулез бойынша медициналық оңалту, паллиативтік көмек, транспланттау, шетелде емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бар», түсіндірді.

Ермек Сахариев
14.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779