МАҢҒЫСТАУ ДӘРІГЕРЛЕРІ ИНСУЛЬТПЕН АУЫРАТЫН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

МАҢҒЫСТАУ ДӘРІГЕРЛЕРІ ИНСУЛЬТПЕН АУЫРАТЫН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері дүниеге келген күнінен бастап 39 күнге толмаған жаңа туған нәрестені аман алып қалды. 2022 жылдың желтоқсанында туған нәресте 13 қаңтарда балалар ауруханасының реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізілді. Баланы толық зерттеп-қараған дәрігерлер «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагноз қойды. «13 қаңтарда нәресте «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагнозбен ауруханаға түсті. Дәрігерлер нәрестеден жедел субдуралдық гематома, сол жақ мидың ісінуі, инсультты анықтады. Шешім дереу қабылданып, шұғыл операция жасалды. 1 сағатқа созылған операция сәтті өтті», - деді балалар нейрохирургы Ербол Кенжебалов. Миға операцияны балалар нейрохирургы Ербол Кенжебалов жасағанын айта кеткен жөн. Операциядан кейін 10 күн бойы реанимациядағы сәби реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Мереке Бекбаевтың, реаниматологтар Гулайым Джанованың, Амангелді Әшімханның, Елена Горбунованың бақылауында болды. Бала жасанды өкпе желдеткішіне қосылып, оған қан мен плазма енгізілді, емделді және тәулік бойы бақыланды. Жағдай тұрақтанғаннан кейін бала палатаға орналастырылды. Жаңа туған нәресте анасымен бірге травматология бөлімінде емделуді жалғастырды. Жалпы жағдайды тұрақтандырғаннан кейін дәрігерлер баланы үйіне шығарды. Бүгінгі күні ол ата-анасы мен дәрігерінің бақылауында.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
01.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 673
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8820
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10429