«Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі мәресіне жетті

«Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі мәресіне жетті

Бүгін, 16 қараша күні Ақтауда облыстық «Маңғыстау жұлдыздары» өнер фестивалі қорытындыланды. Тасада жатқан таланттарды тауып, олардың жұлдызын жағуды мақсат тұтқан фестиваль биыл он екінші рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші қараша күні басталған фестивальға  қала, аудандардан екі мыңға жуық көркемөнерпаз қатысты. Олар халық аспаптарда орындау, халық аспаптар оркестрі, домбырашылар ансамблі, дәстүрлі ән, жыр,  көркемсөз оқу, хореграфия жанры, классикалық музыка сынды 12 аталым бойынша бақ сынады. 

Елімізде баламасы жоқ фестивальдың ерекшелігі – байқауға кәсіби мамандар емес, қарапайым тұрғындар өнер көрсетті. Мерекелік кеште сөз алған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шараның маңыздылығына тоқталып, бұл фестивальдің мәдениеттің ғана емес, күллі елдің руханиятына қосылған зор үлес екенін атап өтті.

-Елбасының бастамасымен Тәуелсіздік жылдары рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырттық. «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары рухани өмірімізге жаңа серпін берді. Президент те өз жолдауларында елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатқанын айтып, айрықша баға берген болатын. Демек, «Маңғыстау жұлдыздары» секілді іргелі, жүйелі жүретін фестивальдер елдің дамуына серпін беретін тетік, деді облыс әкімі.

Фестивалдің қорытындысы бойынша 100-ден астам жеке өнерпаз бен 43 шығармашылық ұжым дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқаудың бас жүлдесі 6 млн теңгені Маңғыстау ауданының  өнерпаздар ұжымы иеленді. Арнайы жүлде 1 млн теңгені Ақтау қаласының өнерпаздары  алса, қалған қала мен аудандарға 800 мың теңгеден  табысталды. Бұл қаржылай сыйлықтар аудан, қалалардағы  мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалалы.

17.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10820