Маңызды жобалар ұсынылды, сындар да айтылды

Маңызды жобалар ұсынылды, сындар да айтылды

«Бұл съездің тарихи маңызы зор.  Біз қоғамның қажеттілігіне және сұранысына, қарапайым халықтың мүддесіне бағытталған жаңа Қазақстанға бет алдық», – деп сөз басын  «АMANAT» партиясы Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев бастады. Съезге «АMANAT» партиясы Жастар қанатының  съезінің жұмысына аймақтық конференцияларда сайланған жастардың барлық санаттағы делегаттары қатысты. Жалпы 455 адам,  оның ішінде 350 делегат, 150 арнайы шақырылған қонақтар келді. «АMANAT» партиясының төрағасы Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов болды. Сонымен қатар футболшы Біржан Оразов, Жансая Абдумалик, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев, Мади Ахметов және БАҚ өкілдері қонақ болды. Съезд Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнежазба үндеуінен басталды. Президентіміз партияның атын өзгертуге ұсыныс айтты. Съезде атқарылған істер бойынша есептік баяндама жасалды.

Қаңтар қырғынында ерлігімен көзге түскен батыр ер-азаматтарға сөз кезегі берілді. Соның бірі  әлеуметтік желіде танымал болған бейнежазбадағы Ұлан Мырзабайдың «приказ, есть приказ» деп, халықтың жүрегінен орын алуы. Ол өз сөзін «Жастар ешқандай арандатуға берілмеу керек» деп бастады. 

Съезд барысында жалынды жастар өздерінің ел дамуына үлес қосатын маңызды жобаларын ұсынды.  Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны, ұстаз Асыл Ахметова  жылқыны ел арасында насихаттауды, дүниежүзілік деңгейде жүзеге асыруды, ауыл жастарын қолдауды ұсынды. 

Съезде спорттың да жанайқайы айтылды. Үздік бомбардир EURO-2022  атанған Біржан Оразов футболды ауыл балалары арасында дамытуды, қолдауды ұсынды. 

Съездің үшінші күні Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Jas Talks» ашық диалог алаңының қонағы болып, «Жастар Рухы» жастар қанатының VI съезінің делегаттарымен кездесті. Қызу пікірталас барысында вице-премьер қатысушылардың сұрағына жауап беріп, Үкіметтің жас буын арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және басқа да өзекті мәселелерді шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

«Адам үшін ең бастысы – білім. Себебі білімді азамат өзін еркін сезінеді, болашаққа сеніммен қарайды және қай бағытта қозғалу керектігін біледі. Әрбір жас қазақстандық осыған ұмтылуы тиіс. Әрине, мамандық таңдау – күрделі мәселе. Сондықтан биыл мектептерде 7-сыныптан бастап оқушыларға кәсіптік бағдар беретін мұғалім жұмыс істейтін болады. Ол оқушыларға дұрыс бағыт таңдауға көмектеседі», – деді ол.

Өз кезегінде жастар жасөспірімдер спортын дамыту, ЖОО-да өндірістік тәжірибені жетілдіру, жас кәсіпкерлерді қолдау және т.б. мәселелер жөнінде сұрақ қойып, ұсынысын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, съездің пленарлық отырысы барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы жаңарды. 

Рауан МУТАИР, Айсәуле КЕНГАШОВА
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 37
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 73
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 59
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 30
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 65
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 73
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 65
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 62
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 67
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 59
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 66
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 288

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9299
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8694
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11922
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9696
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10904