Мақат ауданының орталығында «Дәулет» заманауи спорттық-сауықтыру бассейні пайдалануға берілді.
Жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының несиелерді субсидиялау бағдарламасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалының қаржылай қолдауы және жеке инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылған.
Қазір нысанда балаларды жүзуге үйрету бағытында 3 маман жұмысқа қабылданып, оқу-жаттығу сабақтары басталды. Алдағы уақытта қосымша 7 қызметкерді тұрақты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жаңа бассейн тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл нысан ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек.















