Қаза тапқандарға неге әр түрлі марапат берілгенін түсіндірген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин: «Біріншіден, Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғада қаза тапқан азаматтардың барша туған-туысқандарына көңіл айтамын. Соңғы дерек бойынша, 13 адам қайтыс болды. Өкінішке қарай, үш адамның дерегі табылмай отыр. Жарылыстардың эпицентрінде сол үшеуін іздеу жұмыстары жалғасуда. Сондықтан қазір Мемлекет басшысының Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің бірқатар қызметкерлері ғана марапатталды. Қалған қызметкерлерді ДНҚ сараптамасы бойынша анықтап, денелері табылғаннан кейін қосымша мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынамыз. Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары «Халық қаһарманы» атағын алды. Ол алғашқы жарылыс болған кезде өрт сөндіруді, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастыруды басқарды. Оқиға орнында болған құтқарылған қызметкерлерді қоса алғанда, ол бірнеше адамды қауіпті жерден алып шықты. Содан кейін екінші күшті жарылыс болды, ол сол жарылыстың салдарынан қайтыс болды. Тәртіп бойынша бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен қайтыс болған офицерлер құрамы, ал үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен қатардағы құрам сарбаздары марапатталады»,— деді.
Ермек Сахариев