Мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдар мен өкілді биліктің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды

Мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы органдар мен өкілді биліктің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясына қатысты.  Мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев жүргізіп отырған басқосуда бірқатар мәселелер қаралды.  Алғашқы болып баяндама жасаған облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов құқық бұзушылықтардың алдын-алу және қылмысқа қарсы күрестің жағдайы, ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы хабарлады.  Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысымен облыс аумағында қылмыс пен құқық бұзушылықтың профилактикасына бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды. Нәтижесінде, жалпы қылмыстың тіркелуі 8 пайызға төмендеген. Ал, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 11 пайызға, көше қылмыстары 5 пайызға, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 22 пайызға, мас күйде жасалған қылмыстар 11,3 және соттылығы жойылмағандармен 4 пайызға кеміген.  Алайда, тұрмыстық жағдайда және кәмелетке толмағандармен, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар артқан.  Сондай-ақ, бұл бойынша облыстық прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Бауыржан Жанұзақұлының да есебі тыңдалды.  Мәслихат депутаттары да аталған мәселеге қатысты бірқатар сауалдарын жолдап, жауаптар алды. Кейбір сауалдар назарға алынып, жан-жақты қаралатын болды.  Облыс әкімі сессияда халық қалаулылары тарапынан көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін атап өтіп,  аймақтағы ішкі істер органдарының материялдық базасын нығайту жергілікті атқарушы органдардың міндеті екендігін атап өтті. Осы және жалақы, қызметтік киім секілді өзге де бағыттарға биыл 5 млрд теңгеден астам қаржы қаралып отырғанын жеткізді. Ол мәслихат қарауына шығарылып, келісілігенін де еске салды.  Бұдан бөлек сессияда тұрақты комисиялардың отырысында жан-жақты талқыланған 19 мәселе қаралып, шешіммен бекітілді. Жиынды қорытындылаған Нұржан Нұржігітов ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте берілген тапсырмаларға қысқаша тоқталып өтті. Президент жүктеген міндеттерді шешуде жергілікті атқарушы органдар мен өкілді биліктің бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығын баса айтты.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
25.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 88
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 200
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 418
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 381
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1000

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9075
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8473
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11699
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9463
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10681