Мәскеуден келген құнды құжаттар

Мәскеуден келген құнды құжаттар

Қазақстандық архившілер қауымдастығы үшін маңызы зор «Архив – 2025» бағдарламасы жер жаһанда шашылған қазақ тарихы жайлы деректерді жинап зерттеуге мүмкіндік беретін, қазақ тарихын жүйелеуді жаңа кезеңге шығаратын қадам болды. Біздің даламыз тарихы тереңде жатқан үлкен мемлекеттердің отаны, үлкен өркениеттердің алтын бесігі болған. Қазақ жері үлкен рухани, философияның, әдебиеттің, өнер мен ілім-білімнің, тіпті діндердің бастауы да болған. Сол себепті біз өзіміздің ежелгі тарихымызды, деректерімізді жинайтын болсақ қана өз тарихымызды жүйелей аламыз. Ал біздің тарих кез келген ұлт тарихынан артық болмаса, кем емес. Бұл жоба тарихи санамызға сілкініс беретіні рас. Тарихи санасы қалыптаспаған елдің болашақтағы бейнесі бұлыңғыр көрінеді. Сол себепті жетіспейтін тарихи деректерді қалпына келтіру мақсатында отандық және шетел архивтерінде іргелі зерттеулер жүргізу, рухани дүниелерді жинақтап, түгендеу миссиясы еліміздің архив қызметкерлеріне жүктелді. 

Жобаны жүзеге асыру аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің қызметкерлері Тұрсынбек Нұрдина, Ерғалиева Инабат, Молдағали Әлихан 2022 жылдың маусым айының 19-29 күндері аралығында Ресей Федерациясы Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихи архиві мен Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық архивіне іссапармен барды. 

Алғашқы күні Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих архивінің директоры Роговая Лариса Александровна, Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық архивінің ҰАҚ толықтыру бөлімінің меңгерушісі Прошина Ирина Олеговамен кездесу барысында саланың өзекті мәселелерін талқылап, архивтің жұмыс барысымен таныстырды.

Архив деректерін қарау кезінде, бұрын-соңды кездеспеген Қазақстанға қатысты қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани өмірі, тарих беттерін қайта жаңғыртатын құжаттар табылды. Айта кетсек, жоғарыда көрсетілген архивтерде құжаттармен жұмыс істеу кезінде 26 құжат түрі – іс іріктелініп алынды. Қазақстанға жеткізілген құжаттардың ішінде Свирский Владимир Александровичтің еңбегі 337-қор 3-тізімдеме 4-істегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылыс жоспарының өлшемдері көрсетілген құжатты ерекше атап айтсақ болады. Құжаттармен жұмыс істеу кезінде, құжаттардың физикалық-химиялық жәй-күйі айтарлықтай қанағаттандырарлық, кейбір істегі құжаттардың тігілмегендігін аңғаруға болады. Сонымен қатар, жеңіл және ауыр өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын, Көлік және өзге де инфрақұрылымды, сондай-ақ Қазақстандағы жекелеген өндірістік кәсіпорындарды дамыту мәселелері бойынша РКФСР мемлекеттік органдары мен министрліктерінің қорларынан алынған құжаттарды атап өтуге болады. Сондай-ақ, 1920-1930 жылдары ҚазКСР-дегі денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі және Қазақстанда сібір жарасының таралуының эпидемиологиялық жағдайы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар туралы есептерді қамтиды.  Қарастырылған құжаттардың хронологиялық шегі 1928 жылдан бастап, 1976 жылдар аралығын құрайды. 

«Архив – 2025» бағдарламасы аясында шетел архивтерінен әкелінген құжаттар Ұлттық архив қорын Қазақстан тарихына қатысты құнды материалдармен толықтырары және тарихшылар қауымымен ғылыми айналымға еніп, тарихымызды бүтіндеуге септігін тигізері сөзсіз. 

Әлихан МОЛДАҒАЛИ, Инабат ЕРҒАЛИЕВА, Нұрдина ТҰРСЫНБЕК
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 36
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 89
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 28
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 36
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 84
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 89
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 279
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 900

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8978
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8372
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11598
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9356
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10582