Мәулен Әшімбаев өзбекстандық әріптесімен кездесті

Мәулен Әшімбаев өзбекстандық әріптесімен  кездесті

     Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының Төрағасы Нурдинжон Исмоиловпен кездесті. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев: «Біздің Президенттеріміздің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық дәйекті дамып келеді. Бұл ретте парламентаралық диалогтың маңызы зор. Сондықтан Парламенттеріміздің өзара байланысы тұрақты және даму сипатына ие болды. Екі мемлекет басшыларының уағдаластығы нәтижесінде құрылған Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі де екіжақты парламентаралық байланыстарды дамытуға қосымша серпін береді. Екі елдің мемлекет басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты белгілеп берді, бізге оны жоғары деңгейді заңнамалық органдардың байланыстары арқылы әрі қарай дамыту маңызды», – деді. Өз кезегінде Өзбекстан Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының Төрағасы Нұрдинжон Исмоилов: «Қазақстан Президенті бастамашы болған реформаларды Өзбекстан тарапы құптап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың көптеген бастамалары тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін маңызды. Парламентаралық ынтымақтастық кеңесі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіремін»,— деді. Кездесу барысында екіжақты сипаттағы ынтымақтастық халықаралық алаңдардағы, оның ішінде ТМД ПАА аясындағы өзара іс-қимылмен толықтырылып, күшейтілетіні атап өтілді. Мәулен Әшімбаев биылғы 28-29 наурызда Алматы қаласында ТМД елдері Парламенттері басшыларының және бірқатар халықаралық парламенттік ұйымдардың қатысуымен өтетін ТМД ПАА Кеңесінің мерейтойлық отырысы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға серпін беретінін айтты.

Ермек Сахариев
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784