Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерінің реинжинирингі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқылау ұсынылады. 

Аталған заң жобасы нарық жағдайларын ескере отырып, сұйытылған газға баға белгілеу және оны бөлу процестерін жүйелі реттеуге, көлеңкелі экспортты болғызбауға, өңірлерде сұйытылған мұнай газының заңсыз ағынына жол бермеуге бағытталған.

Сондай-ақ, күн тәртібінің жобасындаратификацияланатын заң жобалары бар. Олар: үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою тәртібі мен шарттары туралы келісім және Әзербайжанмен өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Сонымен қатар Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алады. Атап айтқанда,әлеуметтік және әкімшілік құқық бұзушылық туралыкодекстер жобасыконституциялық заңдарғаөзгерістер енгізуәлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша түзетулер енгізу мен жылу энергетикасы жергілікті өзін-өзі басқару, жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар. Жұмысқа алынатын заң жобаларының қатарында кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бар. 

 

Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

 

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі
06.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 101
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 101
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 619
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 737
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 649
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 658

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8793
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8194
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11421
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9175
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10407