Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Владимир Тохтасуновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов: «ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасунов денсаулығана байланысты міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты В. Имтахуновичтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізіп отыр»,— деді. Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Еске салсақ, бұған дейін тағы бір Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған болатын.