Медианың келешегі

Медианың келешегі

Бұл көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген адамды толғандыратын тақырып. Өкініштісі сол, қазір бұл тақырыпта еліміздегі кітапханаларда, жоғары оқу орындарында қазақ тілінде жазылған оқулықтар, әдебиеттер жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен жуырда елімізге есімі мәлім кәсіби журналист, медиа зерттеушісі, публицист, әлеуметтік ғылымдар магистрі Төлен Тілеубайдың «Цифрлық жолайрық: Қазақстан газеттерінің бүгіні мен ертеңі» атты жаңа кітабы жарық көрді. «Мазмұндама» қоғамдық қоры баспаға әзірлеген оқулықта бүгінгі таңдаға медиа саласындағы құбылыстар мен өзгерістерге терең талдау жасалған. Цифрлық технологиялар ақпарат кеңістігіне жедел бойлап келе жатқан кезеңдегі ұлттық медианың дамуының бағыт-бағдары, негізгі үрдістері жан-жақты зерттелген. 

Оқулық журналистика, PR мамандықтары бойынша оқитын студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерге,  медиа коммуникация мәселелері қызықтыратын көпшілікке арналған. Таралымы – 1000 дана. 

«Elana.kz» сайтының тілшісі, әріптесіміз Төлен Тілеубайды жаңа кітабының жарыққа шығуымен қуана құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылық жұмысын табыс тілейміз! 

Құрметпен, «Қазақстан дәуірі» газеті және «Elana.kz» сайтының ұжымы.

17.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4955
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5120
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18721
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22180