Медициналық сақтандыру есебінен 11 қарағандылықтың өкпесіне қымбат ота жасалды

Медициналық сақтандыру есебінен 11 қарағандылықтың өкпесіне қымбат ота жасалды

Өкпеге операция Қарағанды облыстықклиникалық ауруханасының торакалды бөлімшесіндежасалдыЖыл басынан бері тыныс алуоргандарында «дөңгеленген түзілімдері» бар 11 пациент көмекке жүгінген

«Дөңгеленген түзілімдер» – мөлшері 0,5-тен 3 сантиметрге дейінгі өкпе тінінің тығыздалуыОлардың пайда болуына қатерлі және қатерсіззақымданулартуберкулез және басқа да сиреккездесетін аурулар себеп болуы мүмкін.  

– Егер бір жылғы статистиканы алсақөкпеқатерлі ісігі бар пациенттердің 30%-ы емделу жәнеқалпына келтіру мүмкіндігі өте аз болған жағдайдаяғни кешқатерлі ісіктің төртінші сатысындаанықталадыСондықтанқазіргі уақытта кеудеқуысының компьютерлік томографиясы кезіндеанықталған кез-келген дөңгеленген түзілімдерхирургиялық жолмен емделедіБұл емдеу еңалдымен ісіктің пайда болу себебін тексеругебағытталған, – деп түсіндірді торакалды хирургиябөлімінің меңгерушісі Думан Әубәкіров.

Өкпедегі дөңгеленген түзілімдерді алып тастауоперациялары видеоторакоскопиялық операциялардеп аталадыОл 2–3 пункция арқылы жүзегеасырыладысол арқылы кеудеге арнайы құралдармен бейнекамера енгізіледіОсыдан кейін өкпетінінің зардап шеккен аймағы алынып тасталадыКейіннен неоплазмаға гистологиялық зерттеужүргізіледі

– Егер операция кезінде өкпенің қатерлізақымдану белгілерін байқасақонда бізонкологиялық принциптер бойынша ағзанысақтайтын операцияны орындаймызБолашақтанауқастың толық сауығу мүмкіндігі әлдеқайдажоғары болады, – деп толықтырды Думан Әубәкіров.

Өткен жылы облыстық клиникалық ауруханадаөкпеге 48 видеоторакоскопиялық операция жасалдыСақтандырылған пациенттер үшін олар тегінМедициналық сақтандыру қоры әрбір операция үшін655 мың теңгеден астам қаражат жұмсады.

Жомарт Шаймұрат
06.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5343
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5500
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20470
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19099
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22559