Медициналық сақтандыру қоры сирек ауруы бар кішкентай қарағандылықтар үшін арнайы тамақтануға 198 млн теңге бағыттайды

Медициналық сақтандыру қоры сирек ауруы бар кішкентай қарағандылықтар үшін арнайы тамақтануға 198 млн теңге бағыттайды

 

Тұқым қуалайтын ауыр дерт – фенилкетонуриядан (ФКУ) зардап шегетін қарағандылық балаларға арнайы, ақуызы төмен тағам сатып алынады. Бөлінген қаражат осы диагнозы бар кішкентай пациенттер тіркелген емханаларға жіберіледі.

Қарағанды облысында фенилкетонуриясы бар 13 бала тұрады. Ауру аминқышқылдарының алмасуының бұзылуына, олардың организмде жиналуына әкеп соғады, нәтижесінде мидың зақымдануы мүмкін.   Уақтылы емдемесе, ФКУ ақыл-ойдың тежелуіне, қарысуларға, мінез-құлық проблемаларына және психикалық бұзылуларға әкелуі мүмкін.

Ауру неонатальды скрининг аясында анықталады, ол бала туылғаннан кейінгі үшінші күні жасалады.

– Қан алынып, біздің медициналық-генетикалық зертханамызға жіберіледі. Егер аурудың болуына қатысты күмәндансаңыз, біз тест жасаймыз. Диагноз расталған жағдайда есепке аламыз, – дейді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас генетигі м. ғ. к. Жанат Завотпаева. – Фенилкетонурия – емделмейтін ауру. Мұндай балаларға арналған жалғыз емдеу – бұл өмір бойы емдік тамақтану. Қажетті тамақтануды баланың осы немесе басқа қоспаны, қандай да бір өнімді ағзасы қалай қабылдайтынына байланысты жеке таңдалады.

Фенилкетонуриясы бар балалардың рационына тек ақуызы төмен тағамдар кіреді. Ата-аналар арнайы қоспалар, құрамында фенилаланин аз жарма, макарон, сүт алмастырғыштар және т.б. өнімдерді мемлекет есебінен тегін алады.  Биыл облыста медициналық сақтандыру қорынан ФКУ бар балаларды емдік тамақтандыруға 198 миллион теңге бағытталатын болады.

– Біз ақша аударамыз, ал емханалар қажетті мөлшерде арнайы тамақ сатып алады. Олар әдетте қымбат болады. Азық-түлік ата-аналарға генетик дәрігердің тағайындауына байланысты беріледі, – деп түсіндірді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша

Жомарт Шаймұрат
07.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 196
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8577
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784