Мектебіміз күрделі жөндеуден өтті

Мектебіміз күрделі жөндеуден өтті

Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектеп 1966 жылы 320 оқушыға арналып соғылып, пайдалануға берілген. Мектептің іргетасынан бастап қабырғасына дейін тастан қаланған.  Аудан орталығынан шалғайда орналасқан мектеп осы уақытқа дейін ешқандай жөндеу көрмеген. Былтыр қыс мезгілінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов іссапармен осы мектепке келгенде білім ошағының күрделі жөндеуден өтпегенін, ескі екенін көріп, жедел түрде күрделі жөндеу қажеттігін айтқан болатын. 2022-2023 оқу жылының 1 қазан айында мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. Барлық сынып бөлмелері, дәліз, спорт зал мен мәжіліс залы түгел жаңартылды. Күні кеше ғана мектептегі жиһаздар атап айтар болсақ, парта, орындық, тақта, кітап жинайтын сөре де жаңартылды. Қысы – қатал, жазы – ыстық, шалғайда орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебіне көңіл бөліп, қолұшын созып, күрделі жөндеуден өтуіне ықпал еткен облыс әкімі Нұржан Молдиярұлына мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар атынан алғыс білдіреміз.

 

Раушан ШЫНЫБАЕВА, ардагер ұстаз. Мойынқұм ауданы
10.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5141
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5301
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20263
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18904
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22363