Мектепте емдеу орталығы жұмыс жасайды

Мектепте емдеу орталығы жұмыс жасайды

Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова қоғам жанашыры Айткүл Қосаровамен бірге №25 орта мектептегі ресурстық орталықтың жұмысына да назар аударды. 

2020-2021 оқу жылында ресурстық орталық ата-аналарының өтініші бойынша 21 ерекше білімді қажет ететін балаларға арналып ашылған болатын.  

Орталық мүмкіндігі шектеулі балаларға психологтық-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беру арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау, терең білімді қажет ететін балаларды оқу қабілеттеріне қарай педагогикалық  консилиум кеңесінің отырысынан кейін негізгі орта мектепке ауыстыруға қолдау көрсету болып табылады.

Жұмыс бағыттары туралы айтар болсақ, ерекше білім беру қажеттілігі әлі айқындалмаған оқыту қиындықтары бар балаларды анықтау, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қабілеттеріне, қызығушылығына, денсаулық жағдайына қарай көмек көрсету, ата-аналарға баламен өзара әрекеттесу тәсілдерін, жанұя жағдайында оны тәрбиелеу және оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге қолғабыс ету, оқушының психологиясын зерттеу, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау, мотивациясы төмен оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға қолдау көрсетуге мектеп ұжымының дайындығын зерттеу, сауалнама, сұрақтар, әңгімелесуді қолдану.

 

Ресурстық орталық төрт аймақ арқылы жұмыс жасайды: ата-анамен кеңес алу аймағы, баланы сергіту және демалу аймағы, ұстаздар мен арнайы мамандардың бірге жұмыс жасауға арналған аймағы, оқушылардың жеке оқытылуына мүмкіндік беретін аймақ.  

 

Ресурстық орталықта мектептер мен ұстаздардың біліктілігін арттыру, жеке оқыту бағдарламасы бойынша әртүрлі әдістемелік құралдар әзірленген.

Орталықта 1 әдіскер, 1 психолог, 1 логопед, 1 дефектолог және 10 педагог-ассистент жұмыс атқарады.

 

Білім бөлімінің басшысы емдеу орталығының жұмысын жетілдіру, қажетті емдеу құрылғыларын тиімді пайдалану қажеттігіне ерекше назар аудару қажеттігін алға тартты

Ақжігіт Жетпісбай
16.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 143
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 468
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 429

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9129
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11753
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9521
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733