МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Кентау қаласында жалпы саны 40-қа жуық мемлекеттік білім беру нысаны бар. Оның ішінде 23 мектеп болса, қалған 14-і балабақша, 3 мектептен тыс мекеме бар. Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы бірқатар білім мекемелерінің нысандарын аралап, қысқы маусымға дайындық барысымен танысты.
Қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне 26 білім ошақтары қосылған. Қалғаны шағын қазандықпен жылытылады. Сондай-ақ биыл 2 мектепке газ қазандықтарын орнату бойынша жұмыстар атқарылуда. Қаладағы Д.Қонаев атындағы мектеп пен А.Молдағұлова атындағы №19 мектептің техникалық құжаттары мен жобалық сметасы жасалып, қаржы бөлінген. Бүгінде газбен жылыту жүйесін енгізу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ал Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты мектептердегі анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мамандар жөдеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа оқу жылына дайындап жатыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
16.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 392
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 389
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 405
Ел болашағы –   өз қолымызда
Іңкәр БИТИМОВА - 23.05.2025 477

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13476
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13451
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28568
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27246
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30753