Мектепті жөндеуге қаржы бөлінеді

Мектепті   жөндеуге қаржы бөлінеді

СҚО білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков: «Білім саласындағы барлық жұмыс білім сапасын арттыруға, қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған. Тайынша ауданында 720 орынға арналған 2 мектеп құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі – Вишневка елді мекенінде, 120 орынға шақталған, екіншісі Тайынша қаласында салынып жатыр, 600 орынға арналған. Алда Драгомировка елді мекенінде 120 орындық мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Облыс орталығы мектептеріндегі орын тапшылығын қысқарту мақсатында 2026 жылға дейін 3,3 мың орынға арналған 4 жаңа мектеп салынады. Білім беру нысандары сондай-ақ, күрделі жөндеуден өтеді. Былтыр 2,5 млрд теңгеге 31 мектеп, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 21 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттардың негізінен шатыры, терезелері, жылыту жүйесі ауыстырылды. Биыл 39 білім беру нысаны 3,8 млрд теңгеге күрделі жөнделмек. Мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту жөнінде жұмыс жалғаспақ. Өткен жылы 150 млн теңгеге 28 физика және биология пәндік кабинеттері алынса, биыл оның қатары тағы 28 кабинетпен толықпақ. 2020 жылдан бастап барлық толық жинақталған 48 білім ордасына жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілді. Бұл өз қаржысын өз бетінше және тиімді басқаруға, қаржыны үнемдеуге және ең маңызды қажеттіліктерге қайта бағыттауға мүмкіндік берді. Үнемделген қаражат есебінен осы жылы қалалық мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, жөндеу жүргізу жоспарланған», – деп мәлімдеді.

Ермек Сахариев
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509