МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАЛАРЫН  ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбындағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысының 4 ауқымды инфрақұрылымдық бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды.
Аймақ басшысы тапсырмаларды мүлтіксіз орындау қатаң бақылауда болатынын ескертті.
«Күні кеше Үкімет басшысының төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларын мерзімінде іске асыру тапсырылды. Бірінші, қолданыстағы жылу көздерін жөндеу және инженерлік желілерді модернизациялау. Жылумен қамту - облыстағы күрделі мәселенің бірі. Қолданыстағы жылу орталығының тозығы жетуіне байланысты түрік инвесторларымен бірлесіп, құны 215 млрд. теңге болатын жаңа жылу орталығының құрылысын бастадық. Нысан 2025 жылы іске қосылады. Ендігі кезекте тозығы жеткен жылу желілерін кезең-кезеңімен жаңғыртуымыз қажет. Екінші, елді мекендерді газдандыру деңгейін арттыру. Республика бойынша 1796 шақырым газ құбырларын жаңғырту арқылы 300 мыңнан астам тұрғыны бар 87 елді мекен газдандырылмақ. Бұл бағытқа республикалық бюджеттен 195 млрд. теңге қаралған. Облыстың елді мекендерін газдандыру мәсеселесін де шешуіміз қажет. Бірінші кезекте халық көп шоғырланған елді мекендерді газбен жабдықтауға басымдық беру керек», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына Қызылорда қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесіп, республикалық бюджеттің нақтылануы және 2025 жылға бекітілуі кезінде осындай жобаларға қаржы тарту үшін тиісті министрлікпен жұмыс жүргізу тапсырылды.
Мұнан бөлек, жиында тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту тапсырмасына сәйкес 18 млн. шаршы метр үй салу туралы айтылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 272 млрд. теңге қаралады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлердің көлемін арттыруды тапсырды. Бүгінгі күні ипотекалық тұрғын үйге ауылдық жерде сұраныс аз болғандықтан, жалға берілетін тұрғын үй салу экономикалық жағынан тиімді. Министрліктен сұраныс болған жағдайда, ұсынатын өтінімдер тиісті құжаттарымен бірге дайын болуы қажет.
Төртінші бастама - елдің жол желісін салу және жаңғырту. Мемлекет басшысы ел аумағында қосымша 2,5 мың шақырым жол салуды тапсырды. Бүгінде облыстың жергілікті маңызды автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 87,5 пайызға жетті. Биыл бұл көрсеткішті 90 пайыздан асыру міндеті қойылған. Аймақ басшысы Үкіметтен бөлінетін қаржыны өңірге тарту бойынша тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Бұл шаралардың барлығы өңірге ауқымды инвестициялар тартуға қолайлы мүмкіндік бермек.
Облыс әкімі Үкімет басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте инвестиция тарту негізгі міндет болып бекітілгенін, қала және аудан әкімдері жұмысының тиімділігі инвестиция тарту көрсеткішімен бағаланатынын ескертті. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша нақты критерийлермен арнайы рейтинг нәтижесі шығарылмақ.
©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
20.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1041
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7091
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10942
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7157
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7300