Мемлекет ішіндегі мемлекет тағдыры көпті алаңдатады

Мемлекет ішіндегі мемлекет тағдыры көпті алаңдатады

 

     Кезінде салық төлеушілер есебінен құрылып, мемлекеттік меншікті тегін иемденіп алған «Назарбаев Университет», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» сынды активтерді ұстап отырған «Назарбаев Фондтың» ендігі тағдыры не болады? Бұл сауал көптеген адамдарды толғандырады. Мәселенің анық-қанығынан жақсы хабардар білікті сарапшылар: «Егер ол жекеменшік деп танылып, экс-президенттің мұрагерлеріне қалатын болса, онда мемлекет тағы да ұтылмақ. Жеке қордың ірі активтерінің бірі – «Назарбаев Университет» әу баста «Астананың жаңа университеті» деген атпен құрылып, оған сол кезде Премьер-Министр болған Кәрім Мәсімов үкімет резервінен 64 миллион теңге бөлдірген болатын. Артынан ол «Назарбаев Университет» болып қайта құрылды да, ғимараттарының құрылысына, жер телімдерін жекеменшік сектордан сатып алуға 2010 жылы бюджеттен қыруар қаржы тағы кетті. Ал Асқар Маминнің премьер болған дәуірінде «Назарбаев Университет» одан да зор олжаға кенелген. Үкіметтің 2021 жылғы 21 сәуірдегі шешімімен «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» 100 пайыз акциясы Университетке берілді.  «Назарбаев университет» 2010 жылдан бері өзінің қаржылық есебін ашық жариялаған емес. Бірақ, кардиохирургия орталығының қаржылық есебін сараласақ, 2020 жылы жарғылық капиталы 15 миллиард теңге, бір жылдық «выручкасы» 12,3 миллиард теңге, таза кірісі 89 миллион теңге болғанын байқауға болады. Одан бөлек, «Назарбаев Университет» былтыр мемлекеттік бюджеттен 20 миллиард теңге алған. Биыл да бюджеттен дәл сондай көлемдегі қаржы келуі тиіс. Осы активтер, қаржы қалай жұмсалуда? Өкінішке қарай, ол қоғамнан жасырылып отыр. «Назарбаев Фонд» президенті Аслан Сәрінжіпов университет қызметі «үлкен төрттіктің» бірімен (ірі 4 халықаралық аудиторлық компаниялар) аудиттеледі дейді. Ендеше аудиторлық есеп неге жарияланбайды? Бірақ, «Назарбаев Университеті» баспасөз қызметіне де, Аслан Сәрінжіповтан да олардың аттарына аудиторлық есепті сұратып арнайы жолданған сауалдарға әлі күнге жауап жоқ. Мұны Президент біле ме, білсе, неге үн-түнсіз отыр?»— дейді. Шынында да: «Неге?»

Ермек Сахариев
18.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9168
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8566
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11794
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9562
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10774