Мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады

Мемлекет меншігіне тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады

Қазақстан Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес мемлекеттік меншікке тағы бірнеше кәсіпорын қайтарылады. Қаулы мәтінінде: «Елдегі «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын», — делінген. «КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы. Сондай-ақ, сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art»ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50 пайызын республикалық меншікке беретіні айтылған.Қаулыға сәйкес, «Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100 пайызын береді. «КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі, делінген қаулыда. Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ермек САХАРИЕВ
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5327
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5484
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20452
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19083
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22545