МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТУ ҮШІН АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ КЕРЕК

МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТУ ҮШІН АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ КЕРЕК

Ауылға көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. 

Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов аудан орталығын абаттандырып, көркейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарын зерделеді.


Құлан ауылындағы Панфилов және Жібек жолы көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аулаларындағы футбол алаңдарына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан орталығында екі стритворкоут қолданысқа берілді. 

Айта кететіні, аталған Панфилов көшесінде көп қабатты үйлердің ауласында балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілген болатын.

Аудан орталығынан кейін ең ірі елдімекен болып саналатын Луговой ауылында бүгінде тұрғындар саны 10 500 адамды құрайды. Сәйкесінше,  инфрақұрылымдық жұмыстар жүргізіліп, жаңа нысандар ашылуда. Ауыл тұрғындарының талап-тілектері де басты назарда.

Аудан басшысы аталған елдімекеннің орталық саябақтағы балалар ойын алаңының, ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша 2 шағын ауданда салынған жаяу жүргіншілер жолының жұмысымен танысты.

Айта кететіні, өткен жылы елдімекенде “Ауыл - ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында 46 көшенің 13 көшесінің жолдары жөнделіп, “Өңірлерді дамыту” мемлекеттік бағдарламасы аясында Жантелі батыр көшесінен

Степная көшесіне дейін 230м, Желтоқсан көшесінен Жабира көшесіне дейін 135м ұзындықты құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынған болатын.

Сондай-ақ, жұмыс сапары соңында ауыл тұрғындарына қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қарасу өзенінің көпірін жөндеу жұмыстарынан өткізу жоспарланып, назарға алынды.

Ауылды көркейту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
21.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 87
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 70
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 76
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 87
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 76
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 74
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 82
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 72
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 79
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 77
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 299

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9309
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8703
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11932
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9705
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10913