Мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті, - Н.Нұржігітов

Мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті, - Н.Нұржігітов

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2022 жылы басқарма 89 миллиард теңгеге 329 лот өткізген. Нәтижесінде 3,2 миллиард теңге үнемделген.

2023 жылға арналған бекітілген даму бюджетіне сәйкес 78,6 млрд. теңгеге 394 лот өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік сатып алу басқармасына жүктелген 115 лоттың 93-і бойынша тапсырыс берушілерден өтінімдер келіп түсіп, конкурстар жарияланған.

Баяндамашы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды дер кезінде жою және алдын алу мақсатында бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының жауаптарын тыңдады.

Облыс әкімі мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілін тоқтату керектігін ескертті.

– Мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге міндетті. Бір көзден сатып алуды тоқтату керек. Сондай-ақ мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігіне бақылауды күшейту қажет, – деді аймақ басшысы.

Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, заң бұзушылықтарды жою мерзімдерін белгіледі.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 180
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 177
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 143
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 291
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 506
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 463

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9162
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8560
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11787
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9556
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10768