МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар бизнес өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Басқосу барысында облыстағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, сауда саласын дамытудың перспективалары қаралды. Сондай-ақ базарларды жаңғырту жұмыстары мен өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары талқыланды.
Ербол Қарашөкеев аймақта шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету негізгі басымдыққа ие екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың маңыздылығына тоқталды.
«Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру – басты мәселе. Бұл бағытта тұрақтандыру қорымен бірлесе жұмыс атқарып жатқан сауда желілері бар. Алайда, тұрғындар тарапынан әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасына қатысты шағымдар туындап жатады.
Сіздерден бұл мәселеге бей-жай қарамай, бағаны тұрақты бақылауда ұстауды сұраймын», – деді облыс әкімі.
Аймақта агроөнеркәсіптік кешен саласында ауқымды жобалар қолға алынған. Ербол Қарашөкеев бизнес өкілдерін бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Облыстық әкімдік шетелдік озық тәжірибелерді негізге ала отырып, кәсіпкерлердің жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге ниетті. Бұл азық-түлік бағасының тұрақтылығына да ықпал етеді.
Жиында бірқатар базар, супермаркет басшылары мен жеке кәсіпкерлердің ой-пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі жауаптыларға өңір кәсіпкерлерін шетелдік ірі компаниялармен байланыстырып, мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Жамбыл облысы әкімдігі
26.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 128
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 127
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 643
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 761
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 675
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 686

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8822
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8220
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11447
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9202
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10431