«Жаңа формация басшысы» саяси мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары басталды. Ол 22 тамыз бен 4 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтеді. Жаңа форматтағы мемлекеттік басқару жүйесінде жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілер бар. Курстан өтушілер одан жергілікті өзін-өзі басқару заңдарына байланысты көп мағлұмат алып, болашақта оны жұмыс тәжірибесінде пайдаланатын болады. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, халықпен етене араласуы арқылы «еститін мемлекет» құру қажет деген еді. Екі аптаның ішінде тыңдаушылар жақсы курстан өтіп, білікті мамандармен тәжірибе алмасады. Жаңа формат жаңа жүйедегі жаңашылдықтарға үйретеді. Бүгіндері мемлекеттік жүйеге жаңадан келіп жатқан мамандар жаңа форматта жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшінің ішкі және сыртқы дүниесі таза болуы керек. Ол жемқорлықтан ада болу және халықпен етене байланыс орнату арқылы қызмет ету керек. Даярлау курстары саяси мемлекеттік қызметшілердің құзыретін жетілдіру, халықтың өмір сүру сапасын және елдің әл-ауқатын арттыру бойынша Ұлттық жобалардың жүзеге асырылу деңгейін жоғарылатуды көздейді. «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы тыңдаушыларының құзыретін жетілдіру мақсатында оқыту практикалық кейстердің негізінде өтеді. Қайта даярлау бағдарламасы жаһандық көзқарас, тиімді коммуникативті дағдылар, стратегиялық ойлау және көшбасшылықты қалыптастыруға бағытталған. Оқыту нәтижелерін қолдану үшін қорытынды жобалар Ұлттық жобаларды жүзеге асыру мониторингі кеңсесіне жолданады.