Мемлекеттік қызметшінің шешімді әрекетінің арқасында жолда қалған 70-ке жуық азамат құтқарылды

Мемлекеттік қызметшінің шешімді әрекетінің арқасында  жолда қалған 70-ке жуық азамат құтқарылды

Жамбыл облысы Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің әкімі   Ербол Тамдыбекұлы Смайлов Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 10-11 ақпанында Берікқара ауылдық округіне қарасты Майтөбе ауылының маңында орналасқан Тараз-Қаратау тас жолында шамамен 35 автокөлік пен 70 тұрғын күшті боран салдарынан қар құрсауында қалды. Ауылдық округ әкімі Ербол Тамдыбекұлы әкімдік қызметкерлерінің жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, құтқару жұмыстарын жүргізу барысында ерекше көзге түсті. Атап айтқанда, Қаратау-Тараз автомагистралінің бойында қасында екі немересі бар ауыл тұрғынының жолда қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Азаматтарды құтқару мақсатында жолға шыққан ауылдық округ әкімінің қызметтік көлігі жолда ақ боран салдарынан қардың астында қалады. Алайда шешімді әрекетінің арқасында Ербол Тамдыбекұлы екі немересімен жолда қалған азаматты жаяу іздеп жүріп тапқан. Аталған жердің кординаттарын округ аппаратының қызметкерлеріне ұялы телефон арқылы жеткізгеннен кейін әкімдік қызметшілері тез арада арнайы техника ұйымдастырып, жолда қалған азаматтарды қауіпсіз жерге жеткізген. Төтенше жағдайлар қызметкерлері келгенше ауылдық округ әкімі жолда қалған өзге азаматтарды өз күшімен іздестіруді жалғастырып, жол үстінде түнеген. Осы уақытта округ әкімдігінің қызметкерлері бораннан аман қалған азаматтарды ауылда орналасқан мешіт пен орта мектепке уақытша орналастыру жұмыстарымен айналысады. Таң уақытымен Төтенше жағдайлар бөлімінің арнайы автокөлігімен ауылға жеткізілген әкім алдымен қар құрсауынан құтқарылған азаматтармен кездесіп, оларды ыстық шай, тамақ және т.б. керек-жарақпен қамтамасыз етті. Осылайша жолда қалған 70-ке жуық азамат құтқарылып, оларға алғашқы көмек көрсетілген. Округ әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметкерлері және де ауыл тұрғындарының арқасында 35 шақты автокөлік жол жиегінен шығарылып, иелеріне тапсырылды. ҚР МҚІА төрағасы арнайы жолдаған алғыс хатты Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Лесбек Илебаев табыстады. Ербол Смайлов Жамбыл облысында дүниеге келген. Мемлекеттік қызметте 8 жыл еңбек өтілі бар. Бүгінде үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.

ҚР МҚІА Баспасөз қызметі
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 144
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 142
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 109
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 253
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 468
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 429

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9128
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8525
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11752
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9520
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10733