Мемлекеттік қызметте теріс қылыққа жол жоқ

Мемлекеттік қызметте теріс қылыққа жол жоқ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңесте 2 тәртіптік іс және 3 профилактикалық мәселе қаралды. Жиынды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Лесбек Илебаев жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кеңес мүшелері Жамбыл ауданы прокуратурасының «Заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы» ұсынуында көрсетілген фактілер бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевқа қатысты қызметтік тергеп- тексеру қорытындысын қарады. Бұл туралы Жамбыл ауданы прокуратурасының прокуроры Ғазиз Мамырбеков баяндады.

Аудан әкімдігінің аталған бөлімі лауазымды тұлғалармен құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында заңбұзушылықтарға жол берген, яғни мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартпен көзделген жұмыстар толық атқарылмағанына қарамастан, мердігердің есепшотына қаражат аударған. Осылайша, бөлім басшысы М.Үсенбаевтың тарапынан мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол берілген.

Жүргізілген қызметтік тергеп- тексерумен анықталғаны, 2022 жылдың 11 қазанында бөлім мен «Таразстрой-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында Қаракемер ауылында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын салу жұмыстарын жүргізу үшін 504 548 843 теңгеге бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарты жасалған. Мердігер қараша айында аталған бөлімге орындалған жұмыстар мен шығындардың құны туралы актілер ұсынған. Өз кезегінде, бөлім аталған актілерге сәйкес, 341 055 831 теңгені мердігердің есепшотына аударған.

Бұл ретте 40,3 миллион теңгеге ұсынылған актіге бөлім басшысы М.Үсенбаев қол қойған. Өз кезегінде, мердігер жұмыстарды толық көлемде орындамауына байланысты келісімшарт бойынша қарастырылған қалған қаражат аударылмаған. 9 желтоқсанда прокуратура өкілдері мен М.Үсенбаевтың тарапынан құрылыс нысанына сыртқы шолу жүргізу барысында келісімшартта көзделген жекелеген жұмыстардың орындалмағаны анықталған.

Мәселен, мердігердің қараша айында 149,3 миллион теңгеге ұсынған актісі бойынша металл тікенді сымдардан жасалған қоршау орнатылмаған және қалыңдығы 3 сантиметр болатын ұсақ түйіршікті асфальтжабындысы жұмыстары жасалмаған. Сонымен қатар, мердігердің 40,3 миллион теңгеге қараша айына қосымша ұсынған актісі бойынша қалыңдығы 3 сантиметрді құрайтын ұсақ түйіршікті асфальтжабындысының жұмыстары жүргізілмегеніне қарамастан М.Үсенбаев актіге қол қойып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 40,3 миллион теңге қаражатты мердігердің есепшотына аударған.

Мақсат Үсенбаев өз түсініктемесінде бөлім басшысы міндетін атқарушысы қызметіне 2022 жылдың 16 қарашасында тағайындалғанын, мердігердің 149,3 миллион теңгеге орындалған жұмыстар туралы ұсынған актісінің оған белгісіз болғанын, актіге арнайы техникалық қадағалаушы маманнан кейін қол қойғанын, орындалған жұмыстарды қадағалау сол маманның міндетіне кіретінін, сондай-ақ, келісімшарт бойынша жұмыстарды жүргізу мерзімі 2023 жылдың 27 шілдесіне дейін екендігін және бюджет қаражатының игерілуін ескере отырып актіге қол қойып, мердігердің есепшотына қаражат аударғанын қосымша атап өтті.

Жамбыл ауданы әкімінің аппараты берген ақпаратқа сәйкес, Мақсат Үсенбаевтың тәртіптік теріс қылық жасау кезінде тәртіптік жазасы болмаған, мемлекеттік қызметтегі өтілі 6 ай 6 күнді құрайды. Қызметтік тергеп-тексеру құжаттарын және М.Үсенбаевтың түсінігін зерделей келе, Әдеп жөніндегі кеңес Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Үсенбаевтың атқарып отырған қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ұсыныс жасады.

Кеңес мүшелері келесі кезекте Жамбыл ауданы, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваға қатысты жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру қорытындысын қарады. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуат Мадиевтің баяндауынша, округ әкімі тарапынан азамат Жұмасейіт Нұрбаевқа қатысты мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтамау фактілері орын алған.

Атап айтқанда, хат иесінің мәлімдеуінше, ауыл әкімі оған телефон арқылы дауыс көтере сөйлеп, қадір-қасиетіне тиетін сөздер айтқан, сондай-ақ әулетінің шаруаларына қоқан-лоққы көрсеткен. Өз уәжіне дәлел ретінде шағым иесі қосымша аудиожазба ұсынған. Қызметтік тергеп-тексерудің барысында аталған аудиожазба зерделеніп, онда Н.Дүзееваның тарапынан шағым иесіне біршама ауыр сөздер айтылғандығы анықталды.

Аталған мән-жайларға түсініктеме берген ауыл әкімі азамат Ж.Нұрбаевтың өзіне бірнеше рет қоңырау соғып, намысына тиетін сөздер айтып, әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар жариялап жүргендігіне байланысты, ашу үстінде жауап қайтарғанын мойындады. Сонымен бірге өзінің жазбаша түсініктемесінде дөрекі сөздері үшін шағым иесінен кешірім сұрады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 10-бабының 8) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдепті сақтауға міндетті. Сонымен бірге, Әдеп кодексінің 5-тармағында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің қағидаттары көзделген. Оның ішінде, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі сыпайылық қағидатына негізделуі тиіс. Бұл ретте, Нұрсұлу Дүзееваның тарапынан Жұмасейіт Нұрбаевқа айтылған сөздер Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес келмейтіндігі байқалады.

Жамбыл ауданы әкімінің аппараты берген ақпаратқа сәйкес, Н.Дүзееваның теріс қылыққа жол берген кезде тәртіптік жазасы болмаған, мемлекеттік қызмет өтілі 15 жылды құрайды. Ол округ әкімі лауазымына тұрғындардың тікелей сайлауы арқылы тағайындалған. Қызметтік тергеп-тексеру құжаттарын және Н.Дүзееваның түсінігін зерделей келе, Әдеп жөніндегі кеңес Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзееваға ескерту түріндегі жаза беруді ұсынды.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында облыс бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Жазылбек Бұқашевтің және облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Нұрғали Ниязқұловтың 2022 жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмысқа тарту мәселесіне жүргізілген талдау нәтижелері туралы департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Жарқын Тамаевтың баяндамалары тыңдалды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП, Ақ жол газеті
07.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 107
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 69
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 215
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 434
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 398

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9091
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8489
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11717
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9482
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10698