Мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды

Мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталды

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Еліміздің төл нышандарының қабылданғанына 30 жыл толуына орай Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында патриоттық форум өтті.

Форумға жарқын болашаққа нық қадам басқан өңірдің жастары қатысып, ұлттық рухты асқақтатар, патриоттық сезімді оятар әндер шырқалған мерекелік концертті тамашалады. 

–  Баршаңызды мемлекеттік рəміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – дербестігімізді дәлелдеп, азаттығымызды айқындайтын асқақ рухты, мерейлі мереке. Мемлекеттік рəміздерге құрмет – ел мен жерге, Отанға деген құрмет. Осында жиналған əрбір жерлесіміз ортақ Отанымызды, өлкемізді, асқақ рухты Əнұранымызды, еңселі Елтаңбамыз бен көк Туымызды қастерлейтініне, ел мен жерді шын сүйетініне титтей де күмəн жоқ. Ендеше, болашақта бейбіт күніміз баянды, байрағымыз биік болғай! – деді замандастары алдында сөз алған белсенді жас Біржан Кухаев.

Мерекелік шарада Азат Қабиевтың орындауындағы «Көк тудың желбірегені»,  халықаралық байқаулардың лауреаты Аслан Зинеденов шырқаған «Туған елім», Тарас Жауымбаев нақышына келтіре әуелеткен  «Отан-Ана» әндері жерлестеріміздің көңілін сергітіп, ұлттық рухтарын оятты. 

Сондай-ақ, Орал қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, шаһар тұрғындары бір уақытта шырқалған Әнұранға қосылып, Отанға, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктерін аңғартты.  

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5193
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5353
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20318
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18953
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22418