Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алудың жаңа жүйесін жасау туралы нақты тапсырмалар беріп, аталған саладағы олқылықтардың орнын толықтыруға көңіл бөліп келе жатыр. Президент тапсырмасына сай дайындалған «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң жобасын 2024 жылғы 15 мамырда Парламент Мәжілісі екінші оқылымда қабылдады. Біз осындағы бес негізгі ерекшелік туралы қысқаша тотала кетуді жөн көрдік.
Ең әуелі уақытты ұтымды пайдалану көзделген. Екінші өзгеріс – мерзімдерді қысқарту, рәсімдерді жеңілдету. Мұнда алдын ала талқылау кезеңдері алынып тасталған. Үшіншісі – нәтижелерді қайта қарау. Жаңа заң күшіне енгеннен кейін конкурс шешімі шыққан соң, шағымдарды тапсырыс берушілердің өздері (ұйымдастырушылар) 3 күн ішінде қарайды, Төртіншісі – жеткізушілердің жауапкершілігін күшейту. Бесінші – отандық тауар өндірушілерді қолдау.
Сондай-ақ барлық ақпараттардың сайттарда ашық әрі қолжетімді болатындығын ескерген жөн. Бұл өз кезегінде жең ұшынан жалғасу, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға оң әсерін тигізетін болады.