Мемлекеттің қолдауымен іс бастаған кәсіпкерлер

Мемлекеттің қолдауымен іс бастаған кәсіпкерлер

Қазан айының алғашқы күнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев пен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мемлекеттің қолдауының арқасында кәсіптерін жаңадан бастаған бизнес нысандарында болды.

            Мемлекеттік бағдарламалардың қатысушылары болып табылатын оралдық шағын және орта бизнес нысандарының жұмыс барысы да жергілікті билік назарынан тыс қалмайды. Облыс басшысы мен қала әкімі алдымен бір ай бұрын іске қосылған «Uralsk Trade Company» атты сүт өндірісімен айналысатын зауытқа ат басын бұрды. Кәсіпорын басшысы Саяхат Ғабдуллиннің айтуынша, жаңа зауытта Беларусь Республикасынан жеткізілген құрғақ ұнтақтан сүт дайындалады. Өнім 25 градусқа дейінгі температурада алты айға дейін сақталады екен. Келешекте өндіріс көлемі мен өнім түрлерін көбейту жоспарда тұр. Алдағы уақытта ашылатын сүт қабылдау орнының базасы мен инфрақұрылымы дайын. Зауытқа әзірге отыз адам жұмысқа қабылданыпты. Жоба толықтай іске қосылған кезде жұмысшылар саны 100-ге жеткізіледі. – Зауыт тәулігіне 116 тонна сүт дайындауға қуатты. «Зорькин луг», «Молоково» тауарлық белгісін қолданып келеміз. Қазіргі уақытта  «Уральская» тауарлық белгісін патенттеуге  ұсындық. Осы «Уральская» белгісімен шығатын өнім тек табиғи сүттен болады. Сүт қабылдау орнын ашсақ, айран, сүзбе өндіреміз, – дейді кәсіпорын басшысы С.Ғабдуллин.

Аталмыш жобаның құны – 1 млрд. теңге. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы жылдық 4 пайыздық мөлшерлемемен 300 млн. теңге  қаржылай қолдау көрсетілген.

            Осыдан төрт жыл бұрын жұмысын бастаған Оралдағы «Eurasian Trend» ЖШС ішкі есіктер дайындаумен айналысады. Бес цех жұмыс жасап тұрған кәсіпорында бүгінде 80 адам қызмет ететіні белгілі болды. Жалпы тәулігіне 200 есік шығарылады. Жобаны бастарда кәсіпорын басшысы Биболат Хайрушев «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы 350 миллион теңге қаржылай қолдауға ие болған. Болашақта өндіріс көлемін арттырып, айына 10 мың есік дайындау көзделіп отыр. Сонымен қатар қазір жинақтық жиһаздар дайындау қолға алынуда.Шикізатты Ресейден, Еуропадан алдыртамыз. Әлі де дамытып, өнім көлемін көбейткіміз келеді. Бірақ, қазіргі уақытта ғимаратты жалға алып отырғандықтан, мүмкіндік болмай тұр. Мемлекеттік  көмек қажет. Өзіміз үшін цех салуға коммуникациялық желілер  жеткізілген жер телімі берілсе, жоспарымызды толықтай жүзеге асыра алар едік, – дейді кәсіпорын басшысы Б.Хайрушев. Есік жасауға МДФ, ағаш, ПВХ пленкалары, желім, шыны пайдаланылады. Ішкі есіктердің 20 түрі жасалады әрі экологиялық жағынан таза. Дайындалған есіктер Орал қаласымен қатар тапсырысқа сәйкес басқа өңірлердің нарығына жөнелтіледі.

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
05.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8635
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844