«Мен елімнің патриотымын!»

«Мен елімнің патриотымын!»

Ашық тәрбие сағаты ықшамдалып, ұсынылып отыр.

 

Сабақтың көрнекілігі: ««Мен елімнің патриотымын» атты қабырға газеті, лозунгі, Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.

Сабақ түрі:  Әдеби-көркем монтаж.

Әдісі: Топпен жұмыс.       

1-топ: Елінің ұлтын, тілін, Қазақстанның этнос құндылығын білу. 

2-топ: Қазақстанда қандай салт-дәстүрлер жоғалып бара жатқанын білу. 

3-топ: Қазақстанның табиғи құндылығын білу, өз елі үшін қызмет ететін тұлға екенін білу.

Мұғалім: Бүгінгі өтетін ашық сабағымыздың тақырыбы: 16 желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған «Мен елімнің патриотымын!» 

Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған ашық сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Мұғалім:  Тәуелсіздік, еркіндік – ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. Әр адам өз елінің патриоты болуға міндетті. Патриот – бұл өз елін сүйетін, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба салт-дәстүрлерін, дінің, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға. Сондықтан әрбір қазақпын деген азамат, өз елінің патриоты болуға тиіс. Патриотизм ең алдымен адамның отбасына деген сүйіспеншілігінен басталады. Қазақ «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған ғой. Біздің еліміздегі әрбір азамат өзі өсіп-өніп, өмір сүріп, қызмет етіп жатқан өз еліне құрметпен қарауға тиісті.

1-топ: Елінің ұлтын, тілін, Қазақстанның этнос құндылығын білу.

1-оқушы.  Патриотизм деген ұғымды біз кішкентай кезімізден бері естіп, бойымызға сіңіріп келеміз. Әдетте бұл ұғымды ең алғаш рет балаларға өз ата-аналары түсіндіреді. Одан кейін бала мектепте мұғалімдерінен білім мен тәлім-тәрбие алып, патриоттық сезімді сезініп, нағыз патриоттың қандай болатынын үйренеді. Міне адам бойындағы патриотизм оның бала-күнінен бастау алады. Кішкентай кезінен отанын сүйіп өскен бала, болашақта да өз елі үшін қызмет етері анық. Сондықтан әрбір адам өз баласын, келешек ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуі керек деп ойлаймын.

Бұл сезімді сезіне ала ма?

2-оқушы.  1. Алайда қазіргі жасөспірімдер бұл сезімді сезіне алмайды. Өздерінің қазақ екенінен ұялып, бөтен тілде сөйлейді. Бұл қазақ тіліне деген құрметсіздік деп білемін. Әрбір қазақ қазақ тілінде жетік сөйлесе, қазақ тілі қазіргі таңда жақсы деңгейге жетер еді. Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес. Біз бұлай өз ұлтымыз бен тіліміздің жоғалуына жол бермеуіміз қажет. Сол себептен қазақ тілі елімізде дамуы керек деп ойлаймын. Әрбір адам қазақ елінің патриоты болуға тиісті.

3-оқушы. 2. Мен өз елімнің патриотымын. Осы бір өмірде қазақ болып туғанымды мақтан тұтамын. Мен өз елімнің тілін, тарихы мен салт-дәстүрлерін сүйемін және құрметтеймін. 

Мен байырғы қазақ хандарын, батырларын мақтан тұтамын. 

Әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйытқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырларымыз қазақтың ханы – Абылайдың ақ туының астына бірігіп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.

4-оқушы. 1930-1932 жылдардағы ашаршылықта 2 млн 100 мың қазақ қырылды. Ән: «Қара бауыр қасқалдақ» 

Жыр: Екі оқушы тәуелсіздік жайлы жыр оқиды.

2-топ Қазақстанда қандай салт-дәстүрлер жоғалып бара жатқанын білу.

6,7,8,9-оқушылар қымызмұрындық, мойнына бұршақ салу, асату сынды дәстүрлерімізді айтып шығады.

Мұғалім:  Ұлы батырымыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, «халықтың ізгі дәстүрі – біздің ең асыл мұрамыз»дейді, ал батыс ойшылы В.Г Белинский: «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Жан-жақты ел тарихын білетін, Отанын сүйетін, заман талабына сай оқушылар мен жастарды тәрбиелеу бүгінгі күн талабы!» дейді.

Күй: Құрманғазының күйі «Адай» орындалады. Орындаушылар: Қанат Нұр, Шманов Райымбек, Пазылбеков Өтесін.

3-топ: Қазақстанның табиғи құндылығын білу өз елі үшін қызмет ететін тұлға екенін білу.

10, 11, 12, 13-оқушылар.  Табиғат жайлы ойларын, пікірлерін ортаға салады. 

14-оқушы: Иә, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

    Айта бергім келеді, айта бергім! – деп ақын Жұбан Молдағалиев атамыз жырлағандай, тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. 

15-оқушы Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар, 

Қазақстан – бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,

Қазақ елі – егеменді, сан ұлты бар.

Ән: «Қазағым менің» әні шырқалады.

(Сөзі: Н.Назарбаев. Әні: Б.Тілеуханов)

 

Қорытынды сөзде тәуелсіздігіміз мәңгі сүретіні айтылып, келген қонақтар мен оқушыларға алғыс білдіріп, қоштасады. 

 

Ақлима Қазақбаева, Алматы қаласы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ 10 «А» сынып жетекшісі
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 253
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 386
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 383
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 613
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 556

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9258
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8654
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11881
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9652
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10863