Мерекеде баспаналы болды

Мерекеде баспаналы болды

«Қала күні – 2021» мерекесі аясында бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі – Зашаған кентінде бой көтерген 198 пәтерлі тұрғын үй.

Бұл қуанышқа Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев пен Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков те ортақтасып, пәтер иелеріне кілттерін табыстады. Республикалық және жергілікті бюджет есебінен салынған 9  қабатты тұрғын үйдің  құрылысына 2 088,0 млн теңге жұмсалған.  Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Болашақ – Т» ЖШС үйді бір жыл ішінде салып бітірген. Пәтерлердің 81-і – бір бөлмелі, 99-ы – екі бөлмелі, 18-і үш бөлмелі.

Өңір басшысы Ғали Есқалиев атап өткендей, мемлекеттік бағдарлама аясында пайдалануға берілген бұл үйлердің жалға алу құны – 6-12 мың теңге аралығында. – Биыл өңірде тұрғын үй құрылысына 18  млрд теңге бағытталды. Тұрғындарды баспанамен қамтуда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған осы үйден көп жылдар бойы жеке баспаналарын күтіп отырған көпбалалы аналар және басқа да санаттағы азаматтар пәтер алуда. Осы қуаныштарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңыздан жылылық кетпесін, – деді Ғали Нәжімеденұлы. Сондай-ақ жаңа үйдің тұрғындарын алғашқы күннен бастап мүлік иелері бірлестігін құрып, нысанды күтіп-ұстауға, сапасына бей-жай қарамауға шақырды.

Жаңа үйден баспана алған отбасылардың бірі – Әлмұқановтар. Шаңырақ көтергендеріне 11 жыл болған Ержан мен Әсел – бес баланың ата-анасы.

– Осы кезге дейін пәтер жалдап жүрдік. Балаларымыз кішкентай болғандықтан, қожайындар пәтерге жібере бермейді. Енді үш бөлмелі өз үйімізге қол жеткіздік. Ауданы – 83,42 шаршы метр, өзімізге ұнады, – деп қуанышын бөлісті отанасы Әсел.

Осы үйден жетім балалар санаты бойынша 20 адам пәтерлі болды. Оның ішінде «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінен бес отбасы жаңа үйге көшіп келмек.  

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 68
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 85
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 74
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 72
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 80
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 70
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 77
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 75
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 296

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9308
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8702
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11931
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9704
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10912