«Меркінің елі – өнердің кені»

«Меркінің елі – өнердің кені»
Тәтті ауылдық округінде Меркі ауданының 95 жылдығы,Жауғаш батырдың 290 жылдығына орай «Меркінің елі – өнердің кені» атты ауыл күндері аясында өнер фестивалі өтті.
Кесте бойынша Меркі ауылдық округінің өнерпаздары Тәтті ауылдық округінде өнер көрсетті.
Ауыл жұртшылығы өнерпаздарды құшақ жая қарсы алып, Меркі округі өнерпаздарының тарту еткен өнерлерін тамашалады.
Тәтті ауылдық округінің әкімі Альметов Талғат Аманқұлұлы мен Меркі ауылдық округінің әкімі Байарыстан Ғазиз Доғдырбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, кеш шымылдығын ашқан соң, кезек өнерпаздар өнеріне берілді.
Жақсы дайындықпен келген округ ақсақалдары, әжелер тобы, оқушылар,және өзге де өнерпаздар тамаша өнерлерімен көрермен көңілінен шыға білді. Кеш соңында сөз алған әділқазы алқалары өз кезегінде лайықты бағасын беріп, ризашылықтарын білдірісті
Тәтті ауылдық округі
28.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5129
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5289
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20249
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18892
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22351