Мойынқұм жырлайды

Мойынқұм жырлайды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана – астаналықтардың ғана емес, күллі қазақстандықтардың рухани орталығына айналған бекзат мекен. Мұнда елімізге танымал өнер адамдарынан бөлек, кіндігін туған өлкесіне біржолата байланған талант иелері де ара-тұра келіп, шығармашылық кештерін өткізіп, халқына рухани қазына сыйлап кететіні бар. Жақында біз сондай бір әдемі басқосудың куәсі болып қайттық. Анығын айтсақ, ҰАК-да қасиетті Мойынқұмның перзенті, ақын, сазгер Болатбек Әбішевтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл басқосуға ақынның туған жері Мойынқұм ауданынан және алыс-жақыннан келген құрметті қонақтармен қоса елордалық жастар қатысты.

Туған жерін тебірене жырға қосқан ақын қазірге дейін 4 жинағын баспадан шығарған екен. Мөлдіреген лирика мен даналыққа толы әр жинағына да «Мойынқұм жырлайды» деген бөлімге туған жері туралы бірін-бірі қайталамайтын жүректен шыққан шумақтарын топтастырып отырған ақынның жырларын оқығанда сексеуілі де, жыңғылы да ән салатын ғажайып өлке көз алдыңа елестемеу мүмкін емес еді. Ақынның шығармаларына арналған шараны Мойынқұм аудандық кітапханасының меңгерушісі, аудандық аналар кеңесінің мүшесі Ғалия Шубаева өзі ашты.

– Мойынқұм – тарихи өлке. Ұлан-асыр бетпақ дала. Мойынқұм, Шу бойы талай ойшыл саяхатшылар, атақты ғалымдар жүріп өткен тарихи жер. Шудың сол жағалауын бөктерлей жантая созылып жатқан құмның сұлбасы мойынға ұқсайтындықтан, Мойынқұм аталыпты. Жері де, елі де, тарихы да бай, құшағы кең, алақаны ашық Қазақ хандығы алғаш өмірге келген жер. Жамбыл бабам туған жер, Жазылбектей атамыз, Қайрат сынды қаһарманымыздың алтын бесігі болған Мойынқұм жері шынында киелі ғой», – деп тебірене бастады сөзін Ғалия ханым.

– «Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екені белгілі. Бүгінгі күні ұлттық болмысымызбен төлтума мәдениетімізді рухани құндылықтарымызды сақтай отырып, жаһандану үрдісінде бет-бейнемізді жоғалтпай, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу – біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда қаламын қару еткен ақындарымыздың орны ерекше. Өйткені олар өз туындыларында бірде қоғамда орын алып жатқан келеңсіздіктерді әшкере етсе, бірде келелі оқиғаларды дүйім жұртқа үлгі ретінде ұсынады. Сондай қаламгерлердің қатарында атақты ақын бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келе жатқан танымал, талантты жерлесіміз ақын, сазгер Болатбек Әбішевтің құрметіне арналған «Мойынқұм деп жыр жазамын» атты авторлық құрмет сағатына хош келдіңіздер!

Өлең, мені жетелейсің қайда сен?

Қиналмай ақ апарасың айға сен.

Ілесейін, нар тәуекел бәрібір,

Тоқтамайсың, тыңдамайсың қой десем». Бұл өлең жолдары бірнеше кітаптың авторы, 80-нен астам ән жазған сазгер Болатбек Әбішев ағамыздікі. 

Болатбек Әбішев 1949 жылы 7 мамырда қазіргі Бірлік ауылында дүниеге келген. 1966 жылы қазіргі Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектепті бітірген соң, Алматыдағы Ауыл шаруашылығы институтына түсіп, агроном-экономист мамандығын алып шығады. Алғашқы еңбек жолын Бірлік ауылындағы №62 кәсіптік училищесінде тәрбиеші болып бастайды. Аудандық комсомол комитетінде, ауаткомда жауапты қызметтер атқарды. Құмөзек ауылдық кеңестің төрағасы бола жүріп ауылдағы өнерпаз жастардың басын қосып, ауылдық ансамбльдің құрушысы болды.

1982 жылдан бері Биназар ауылының тұрғыны, бүгінде зейнеткер ағамыздың «Өмір дария, өмір өлең» (2006 жыл), «Қозғалтсаңшы кеудемнің бір жартасын» (2010 жыл), «Шөкім бұлт» (2012 жыл), «Ой керуен» (2021 жыл) қатарлы жинақтары жарық көрді. Поэзия – мәңгі өлмес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын алтын көпір, асыл қазына, інжу-маржаны. Махаббат сүйіспеншілік адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние. Табиғат алақанында аялап өсірген ақын жүрегінде поэзия сазы ерте дүрсіл қаққаны сөзсіз», – деп тұжырды сөзін Ғалия Шубаева.

Келесі сөз кезегі Мойынқұм ауданының құрметті азаматы, өлкетанушы, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, мәдениет қайраткері Мақсат Сейдалинға берілді.

– «Біреулер қазіргі таңда ауылда ақын тұруы мүмкін бе деп ойлайтын шығар. Әбден мүмкін. Лев Толстойда ауылда тұрған. Шолохов «Тынық донды» ауылда жазды. Міне, ауылдан да ұлы адамдар шығады. Болатбек Әбішев ауылда туған, ауылда тұрған ақын. Мойынқұмға көп еңбегі сіңген азамат. Аудандық спортты басқарды. Жастардың басшысы болды. Құмөзек ауылдық кеңестің төрағасы болды. Бірақ бұл сөйлемдер Болатбектің мінезін, характерін аша алмайды. Бөкең аудандық спортты басқарған кезде Мойынқұмда Жазылбек Қуанышбаев атында халықаралық турнир өтетін. Марат Жақитов одаққа танымал самбошыларды жинайтын. Қап тауынан палуандар келетін. Болатбек сондай үлкен шараларды ұйымдастырып, ауданның тіршілігіне араласты. Құмөзек ауылына барған кезінде Құмөзек халық театрын ашты. Соның басы-қасында жүріп ауылдың өнерін қалыптастырған өнер қайраткері болды. Спорт қайраткері болды. Сөйтіп, Мойынқұммен бірге өсті, бірге есейді. Енді бүгін Мойынқұмның дана қариясына айналды», – деді өлкетанушы, талай кітаптың авторы Мақсат Сейдалин мырза.

Бұдан ары сөз кезегі ақынға берілді. Уақыт байланысымен қысқа қайырған ақын осы шараны ұйымдастыруға себепші болған аудандық кітапхананың басшысына, Ұлттық академиялық кітапхананың ұжымына және шараға атсалысқан барша жанашыр жақындарына алғыс айта келіп, кітаптары туралы тебірене сөйлеп, өлеңдер оқыды. Бұдан кейін де сөз алған азаматтар ақынға деген жүрекжарды лебіздерін білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 99
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404