МОЙЫНҚҰМДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІНІП КЕЛЕДІ

МОЙЫНҚҰМДА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІНІП КЕЛЕДІ
Мойынқұм ауданы бойынша 24 елді мекен бар. Қазіргі таңда 19 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде жеті елді мекен тәулігіне 24 сағат бойы ауыз сумен қамтылған. Атап айтқанда, Ұланбел, Назарбеков, Қарабөгет, Сарыөзек, Айдарлы, Көкжелек, Мыңарал ауылдарында бұл сала бойынша мәселе жоқ. Мұнан бөлек Мойынқұм, Қылышбай, Құмөзек, Жамбыл, Күшаман, Бірлік, Биназар, Хантау, Қияқты, Мирный, Бурылбайтал стансасы, Мыңарал стансасы секілді 12 елді мекенде тәулігіне 4-12 сағат аралығында ауыз су беріліп тұр. Әрине, бұл да жаман көрсеткіш емес.
2023-2025 жылдардағы «АМАNАТ» партиясының сайлауалды платформасында және салалық басқармамен бекітілген «Даму жол картасы» жоспарына сәйкес ауыз су жүйесімен орталықтандырылмаған 5 елді мекендегі 3123 халықты орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жыл бойында келесідей жұмыстар атқарылуда.
Көкжелек ауылында 853 тұрғын бар. (жоба құны 426,7 млн. тг) Жалпы іргелес елді мекендегі тұрғындарды қосқанда 1880 адам орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс болатын. Бұл жобаға бөлінген қаражат 426,7 миллион теңге. Қазіргі таңға 2023 жылға құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Ауыз су берілгеніне ауыл тұрғындары дән риза.
- Ақсүйек ауылында 1027 адам тұрады. «Ақсүйек ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» нысанының жоба құны 1 461,273 миллион теңге. 2022 жылдың бюджетінен 186,8 миллион теңге қарастырылыпты. Мердігер «Мелиоратор» ЖШС келісімшарт жасалынған. 2023 жылға 1 155.850 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ақбақай ауылына ауыз су құрылысын жүргізуге 1 миллиард 594 миллион теңгеге жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынып, тиісті басқармаға сұраныс беріліпті. Ақбақайлықтардың да қуанатын күні алыс емес. Мыңарал ауылдық округіндегі Қашқантеңіз ауылына су құбырын тарту бойынша ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен 21 000,0 мың теңге қаралған. Мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, «Диас» ЖШС жоба әзірлеуші болып анықталып келісімшарт жасалынды. Қазіргі таңда сараптамадан өтіп жатыр екен.
Бурылбайтал ауылына суды тазартудың кешенді блок модульдерін орнату үшін «Бурылбайтал ауылына орнатылатын КБМ-ге (кешенді блок модуль) дейін су құбырын тарту және Балқаш көлінен жасанды бөгет салу» мердігер болып «Апогей» ЖШС болып анықталды. Келісімшарт жасалыпты. Жобалық сметалық құжаттары әзірлену үстінде. «Хантау ауылын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» нысаны бойынша 2023 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден – 533,5 миллион теңге қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы «СпецКоммуСтрой» ЖШС жеңімпаз болып анықталыпты. 485 000,0 мың теңге келісімшарт жасалған.
Ағымдағы жылы 300 000,0 мың теңге қаражат игеріледі деп күтілуде. 185 000,0 мың 2024 жылға өтпелі. Қазіргі таңда су ұңғымаларын қазу, сыртқы траншейлерін қазу және ғимаратының бастапқы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс материалдары сатылып алынып қойды (кірпіштері, трубалары, ұңғыманың трубалары және басқалары)
-«Мойынқұм-Қылышбай ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату жұмыстарын қайта жаңғырту» нысанына ЖСҚ әзірлеуге АБ-13,0 млн. теңге қарастырылып, конкурс жеңімпазы «ШЫМГОРПРОЕКТ» ЖШС-мен келісім- шарт жасалыпты. ЖСҚ әзірлеп және сараптамадан өткізу жұмыстары 2023 жылдың соңына дейін аяқталып, 2024 жылдың республикалық немесе облыстық бюджеттердің 1 нақтылауына ұсынылатын болады. «Жамбыл ауылының ауыз су имаратына және ауыз су құбырына күрделі жөндеу» жұмысына құны 294,1 миллион теңге жоба әзірленіп, 29.03.2023ж. №ТКЭ-0080/23 сараптамадан оң қорытынды алынып, энергетика басқармасына биыл 22 мамырда 294,062 теңгеге облыстық бюджеттің 2 нақтылауына бюджеттік өтінім өткізіліп, жоба қолдау таппапты.
Байқап отырсаңыз шалғайдағы Мойынқұм ауданында да сең қозғалып, талай игі жұмыстар атқарылғанын байқауға болады. Шалғай ауданның алыс ауылдарындағы тұрғындардың таза ауыз су тұтынуы үлкен жетістік. Осы орайда Мойынқұм аудан әкімдігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Ғани Тілешовты сөзге тартқан едік.
– Жоғарыда айтылғандай, бірқатар игі жұмыстар басталып, жүзеге асып жатыр. «Бірлік ауылындағы ауыз су құбырларын қайта жаңғырту» нысаны бойынша жобалық сметалық құжатты әзірлеуші «АлмазПроекСтрой» ЖШС, жобаға Сәулет бюродан келісімі алынып, сараптаманың 28.05.2023 ж. № EO-0008/23 оң қорытындысы алынған. Жобалық сметалық құны 560 208,4 мың теңгені құрайды. 2024 жылғы республикалық және облыстық бюджеттерге өтінім өткізілді.
«Биназар ауылының су құбырын қайта жаңғырту (реконстуркция)» нысанына ЖСҚ әзірлеуге АБ 18,5 млн. теңге қаржы қарастырылып, конкурс жеңімпазы «Диас» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Қазіргі уақытта ауыз су құбыры бойынша топографиялық, геологиялық түсірілім жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстары жүргізілуде. Мыңарал ауылы және Мыңарал стансасы елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су қабылдау имараттарына қуаттылығы 15м3/сағ мембраналық қондырғы және тазарту кешенін орнатуға, Шығанақ, Бурылбайтал стансасы Мирный, Қияқты ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су қабылдау имараттарына мембраналық қондырғыны ауыстыруға және тазарту кешенін орнатуға «Мойынқұм су-жылу» КМК мекемесімен келісімшарт жасалды. Тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта да игі жұмыстар жалғасын табады, -дейді ол.
Есет ДОСАЛЫ, Мойынқұм ауданы.
14.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 31
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 29
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 63
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 265
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 262
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 883

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8959
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11579
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9337
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10563