Мойынқұмды түлеткен тарлан еді...

Мойынқұмды түлеткен   тарлан еді...

Қай деңгейде жүрсе де, өзінің биік болмысымен дараланып, халық алдында құрметке бөленіп тұратын ел ағалары болады. Бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған қоғам қайраткері, іскер ұйымдастырушы Айтбай Назарбеков отыз жылға жуық аудандарда басшылық қызметтерде болып, оның ішінде 21 жылға жуық уақытта шөлді-шөлейтті Мойынқұм аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып, құм ішіндегі ауылдарды өркендеткен, тұрғындардың тұрмысын жақсартып, малдың санын бірнеше есеге өсірген басшы. Әйгілі шопан Жазылбек Қуанышбаевтың екінші алтын жұлдызын кеудесіне тағып, елдің құрметіне бөленген шағы да Назарбеков бірінші хатшы болып тұрғанда жүзеге асты.

Мойынқұм ауданында іскерлігі аңызға айналған Айтбай Назарбековтің 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Жиынға Астана мен Алматы, Тараз қалаларынан Айтекеңнің ұл-қыздары, немерелері, қызметтестері мен шәкірттері, жалпы ағайын-жанашырлары жиналды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек ортақтасып, қоғам қайраткеріне деген үлкен құрметін білдірді.

Жиын Жазылбек Қуанышбаев атындағы аудандық музейді аралаудан басталды. Жаз атаның мұраларынан бөлек мұнда ауданның бүкіл шежіресі көрініс тапқандықтан, Айтбай Назарбеков жайлы да мол мәліметтер, арнайы үлкен бұрыш бар. Жалпы, Айтекең аудан басқарып тұрғанда Мойынқұмға ат басын бұрған алып тұлға Дінмұхамед Қонаев, Ғабит Мүсірепов, Әзілхан Нұршайықов, Тұманбай Молдағалиев, Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқов, Бибігүл Төлегенова мен Роза Бағланованың сапары жайлы да мәліметтер мен фотосуреттер жақсы сақталған. Тойға келген қонақтар музейді аралап, мәліметтерге кеңінен қанықты.

Мұнан соң жиналған қауым Айтбай Назарбеков есткерткішіне гүл шоқтарын қойып, оқылған Құранға қол жайды. Сондай-ақ Айтбай Назарбековтің 21 жыл қызмет атқарған ғимаратына қойылған тақтайшаның ашылу рәсіміне қатысты. Аудандық мәдениет үйінде қайраткердің 100 жылдығына орай өткен «Мойынқұмды түлеткен тарлан еді...» атты ғылыми тәжірибелік конференцияның мәні мен маңызы терең болды. Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек көпшілікке облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

Басқосу барысында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Айтекеңнің басшы ретіндегі асыл қасиеттеріне, іскерлігіне кеңінен тоқталды. Айтекеңнің туып-өскен жері Сарысу ауданынан келген ел анасы Алтын Досжанова, Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, білім саласының ардагері Мақсат Сейдалиев те А.Назарбековтей тұлғадан жылы сөздерін аямады. Келесі кезекте Айтекеңнің қызы, Тараз қаласының Құрметті азаматы Күләш Назарбекова толғана сөйледі. 

Айтбай Назарбековтың туғанына - 100 жыл толды - ZhambylNews АҚПАРАТ  АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары

Мұнан соң белгілі ғалым, ҚР Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабеков пен журналист Сүндетулла Әбілов бірлесіп жазған, Айтбай Назарбековке арналған «Адамдық пен адалдықтың шамшырағы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Айтбай Назарбековтің өмір жолына арналған деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ бірқатар азаматтар Айтбай Назарбековтің 100 жылдығына шығарылған арнайы мерекелік медальмен марапатталды. Олардың арасында ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлы, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Көсемәлі Сәттібайұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Жамбыл облысының және Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің бас директоры Сәуле Мешітбаева, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті, Тараз қаласының, Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты         Ерболат Саурықов бар.

Айтекеңнің 100 жылдығына арналған іс-шара аясында аламан бәйге ұйымдастырылып, төрт салмақ бойынша қазақ күресінен облыстық турнир де өтті. Жалпы, Айтбай Назарбековті сағынған мойынқұмдықтар бұл күні барлық іс-шараға белсенді қатысып, дара тұлғаның рухынан құрметтерін аяған жоқ. 

 

Есет ДОСАЛЫ, Жамбыл облысы
04.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 310
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 933

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611