Моңғолияда халық Үкімет үйін басып алды

Моңғолияда халық Үкімет үйін   басып алды

News.mn порталы: «Моңғолиядан Қытайға экспортталады деп жоспарланған көмірдің ұрлануына байланысты наразылық білдірген халық  Улан-Баторда Үкімет ғимаратын басып алды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1,8 миллиард доллар ұрланған. Қытайда қылмысқа жауаптылар өлім жазасына кесілген. Олар осы іске қатысы бар моңғол шенеуніктерінің аты-жөні жазылған тізімді Улан-Баторға жіберген. Жиналғандар ұрлыққа қатысы барлардың аты-жөнін жариялап, жазалануын талап етті. Халық көмірдің жоғалуына жемқор шенеуніктерді кінәлайды. Шерулер үшінші күннен бері жалғасып жатыр, ал наразылық білдірушілердің көңіл-күйі «агрессияға» толы. Алаңға жиналған азаматтардың 90 пайызға жуығы студенттер. Кейбір наразылық білдірушілер 30 градус аязда тауар бағасының өсуіне наразылық білдіру үшін киімдерін шешіп тастаған», – деп жазса,  Eagle телеарнасы: «Үкімет сарайына басып кіруге әрекеттенген наразылар темір қақпаны сындырған. Шабуыл кезінде алты адам, оның ішінде төрт қауіпсіздік қызметкері жарақат алды. Үкімет басшысының мемлекеттік резиденциясына баратын жол жабылды. Республиканың Әділет министрлігі демонстрацияны күштеп тарату туралы шешім қабылдады», – деп хабарлайды. Алаңға жиналғандар алдағы бірнеше сағат ішінде тарамаса, Моңғолия билігі күш қолдануды көздеп отыр.

Ермек Сахариев
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3912
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 4098
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 19029
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17709
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 21134