Мүгедектерге қолайлы жағдай жасалуы керек

Мүгедектерге қолайлы жағдай жасалуы керек

Оралда мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау жұмыстары – қоғам назарында. Өткен аптада «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы ұйымдастырған іс-шарада осындай мәселелер талқыланды. 

«Қолжетімді орта» атауымен өткен семинар жұмысын ұйымдастыруға Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығына қарасты «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығының әлеуметтік мәселелер бойынша кеңесшісі Бейбіт Миханов ұйытқы болды. 

– Қолжетімді орта – бұл мүгедектер үшін барлық кедергілер мен қауіпті аймақтарды бірлесе отырып жою және қалпына келтіру. Осы іс-шарада мүмкіндігі шектеулі жандардың ең басты сұрақтарының бірі – пандус, жиектас (бордюр), жаяу жүргіншілер жолдары жөнінде мәселелер көтеріліп, шешімдерін табу бағыттары жан-жақты қарастырылды, – деді зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры Абзал Молдағалиев. 

Семинарға «Батыс Қазақстан облысы ерікті мүгедектері» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Ерген Бекарыстанов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектер мен ардагерлерді қорғау секторының меңгерушісі Айгүл Нигимова, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Жанболат Үмбетқалиев, сондай-ақ І топ мүгедектері Тілек Есенов пен Абай Тұралиев  қатысты. Семинар соңында «Тең қоғам» орталығының психологы Гүлнұр Еркінқызы «Кері байланыс» атты тренинг өткізді.

Ұйымдастырушылар «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатынын айтып, тағдыр сынына ұшыраған мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді ортаны бірлесе  қалыптастыруға шақырды.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5588
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5734
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20703
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19333
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22800