"Мұндай ұрпақ қайдан пайда болды?" - сенатор Алматы трагедиясы туралы

"Мұндай ұрпақ қайдан пайда болды?" - сенатор Алматы трагедиясы туралы

Сенатор Нұртөре Жүсіп үкіметтің ұлттық құндылықтарды дамыту жөніндегі жұмысын сынға алып, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың пікірінше, қазір "Алматы трагедиясына" үлкен мән беріп, осы оқиғалардан сабақ алу маңызды.

"Ұлттық идеология, ұлттық тәрбие мәселесінде үлкен олқылыққа жол бердік. Мұны ашық айту керек. Патриоттық сезімді оятып, бұл - менің мемлекетім, менің Қазақстаным деудің орнына ақша табу, тез байып кету, барлық құндылықты ақшамен өлшеуді алға қойдық. Бүгінгі жастар ата-бабамыз тыйым салған дүниеден, көрсеткен өнегеден емес, TikTok арқылы тәрбиеленеді. Қоғамда жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің, қамқорлықтың, аяушылықтың, ризашылық пен ізгіліктің, қайырымдылық, сыпайылық пен құрметтің орнына қатыгездік, озбырлық, алдау, өтірік, өсек, мақтаныш, кек үстемдік құрды. Өз ошағын, мүлкін тонауға дайын, өз әрекеттері туралы бір сәтке де ойланбайтын қанішерлер қайдан шықты? Мұндай ұрпақ қайдан пайда болды?", - деді сенатор Сенат отырысында.

Оның айтуынша, ұлттық идеология мен ұлттық тәрбиені дамытуда айтарлықтай кешігіп қалдық. Дегенмен сенаторлар бұл мәселені үкімет алдында бірнеше рет көтеріп, тіпті осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жіберген.

"Құрметті Әлихан Асханұлы, тағы да назар аударуды талап етеміз. Былтыр Сенатта ұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі дамыту мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтті. Тыңдауға қатысушылар көптеген мәселені көтеріп, жұмыс қорытындысы бойынша үкіметке ұсыныстар берді. Осы ұсыныстарға қайта назар аударып, үкіметтің барлық мүшесін парламенттік тыңдау материалдарымен таныстырып, оларды жүзеге асыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау маңызды деп санаймын", - деп толықтырды Нұртөре Жүсіп.

Депутат өз сауалында бірқатар басқа да мәселені айтты. Бұған телеарналар да кірді. Сенатордың пікірінше, телеарналар "азаматтардың рухани жағынан дамуына зиян келтіретін бағдарламалар таратады".

Сондай-ақ, депутат білім беру, жастарды рухани тәрбиелеу, жасөспірімдер үшін сандық жобалар жасау және жұмыссыздық мәселелерін шешу салаларында бірқатар нақты мәселелер қойды

"Қазір мемлекеттік және жеке басылымдарға, балалар басылымдарына мемлекет тарапынан материалдық қолдау көрсетуді талап етемін. Мәдениет және спорт министрі, мәдениет саласында да құндылықтардың маңызын жүйелеп, жаңартатын, ерекше көңіл бөлетін кез келді. Балаларымыздың бойына ұрлық жасамау, адал өмір сүру туралы ойларды сіңіретін уақыт келді. Білім министрі Асхат Аймағамбетов мырза, Абай айтқандай, надандық білімсіздіктен туады. Адамдардың бойына кітапқа деген сүйіспеншілік қалыптастыру керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мырза, Қазақстанда жұмыссыз қазақтар болмауы керек, нәтиже бермейтін бағдарламалардың күшін жою керек. Ұлттық бағдарламаларды халыққа түсінікті етіп жасаңыздар", - деді Нұртөре Жүсіп.

Ақапарт  tengrinews.kz алынды.

 https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/munday-urpak-kaydan-payda-boldyi-senator-almatyi-332662/?fbclid=IwAR2NFLZlIEjHkO6Nfj3BH_ZjsvzGNCeUQYIu7yeP40Vh5ymr3vmBhZbNdzM

20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796