Н. Нұржігітов: Құқық бұзушылықтың алдын алуда мүдделі органдар бірлесіп нақты шаралар қабылдауы тиіс

Н. Нұржігітов: Құқық бұзушылықтың алдын алуда мүдделі органдар бірлесіп нақты шаралар қабылдауы тиіс

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

Кеңесте №4 үлгілік базалық бағыты «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобаларын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.

Басқосуда алдымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы бірінші орынбасарының уақытша міндетін атқарушы – превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров баяндама жасап, қалыптасып отырған ахуал мен көрсеткіштерге тоқталып өтті.

Оның айтуынша, өңірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына сәйкес 2 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен 2 сыртқы талдау жүргізілген. Ол су бағытында және пайдалы қазбаларды пайдалануға байланысты, жер саласы және көгалдандыру бағыттарын қамтыған.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

- Өткен жылғы агентіктің бағалауына сәйкес, өңіріміздің мәдениетті қалыптасыру бағыты бойынша оң нәтиже көрсеткенімен, басқармалардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізген ішкі талдауларының сапасына сын көтермейтіні жасырын емес. Биыл жемқорлыққа қарсы жобалық жұмыстарды іске асыруға қала және аудан әкімдіктері де қосылды,-деді Д. Омаров.

Аймақ басшысы мәселенің маңыздылығын атап өтіп, кейбір сұрақтар бойынша бірқатар басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдерінен жауаптар алды.

Жиында тұрмыстық сыбайластықтың алдын алу, ішкі талдаудың сапасын арттыру, жемқорлық қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы әлеуметтік тапсырыстарды тиімді пайдалану, департамент тарапынан жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық, 4-ші үлгілік базалық бағыттары бойынша семинарлар, оқу жиындарын жиі өткізу мәселелері  талқыланды.

Сондай-ақ, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мажикенов,  жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар баяндама жасады.

Нұржан Нұржігітов жауаптыларға жастар және оқушылар арасында жан-жақты тәрбиелік, психологиялық жұмыстарды күшейтуді, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қалалық, аудандық комиссиялардың қызметін жандандырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша барлық мүдделі органдардың бірлесіп нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
02.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 81
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 82
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 192
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 195
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 411
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 373
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 992

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9069
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8465
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11693
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9455
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10673