Н. Нұржігітов: Төтенше жағдайдың орын алғанын күтпей, алдын алу керекпіз

Н. Нұржігітов: Төтенше жағдайдың орын алғанын күтпей, алдын алу керекпіз

Аймақ басшысы бұл мәселенің маңыздылығын, тұрғындардың талай жылдан бері көтеріп келе жатқан өзекті өтініші екендігін баса айтты.

 

– Біз бұл жұмысты тезірек қолға алу керекпіз. Алдағы уақытта шешілмес өте күрделі мәселеге айналуы мүмкін,-деді Нұржан Нұржігітов.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев республика көлемінде кәріз тазарту ғимараттарын салуды халықаралық қаржы ұйымдарының қаржысына іске асыру туралы шешім қабылданып, 53 қалалардың тізіміне Тараз, Шу, Қаратау, Жаңатас қалалары енгізілгендігін жеткізді.

– Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің  2 тетігі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асырудың моделі бекітілді,-деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі ұзаққа созылатын құжат әзірлеу жұмыстарын күтпей, мәселені тез арада шешу жолдарын қарастыру керектігін атап өтті.

– Жамбыл ауданындағы жағдайды көріп отырмыз. Енді төтенше жағдайдың орын алғанын күтпей, алдын алу керекпіз. Тараз қаласының қолданыстағы сүзу алаңдарының толуына байланысты қосымша карталардың құрылысына 20 гектар жер телімі алынған. Сол бойынша жұмысты жеделдету үшін зерделеулер жүргізіп, нақты шығынды есептеңіздер,-деген аймақ басшысы жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеп, 1 апта уақыт берді.

Сондай-ақ, Тараз қаласы үшін жаңа кәріз тазарту құрылыстарының жобасына инвесторлар тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Босқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе сумен қамтамасыз ететін мекемелерді, су нысандарын жекешелендіру жайы қаралды.

Жамбыл облысының әкімдігі
15.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803