Наурызды біз қалай тойладық?

Наурызды біз  қалай тойладық?

Биліктің пәрмені бүкіл мемлекетіміздің тегершіктерін қозғап, қытымыр қыстан кейін бұйығы жатқан қоғамды дүр сілкіндірді. Жер-жерде наурыз көже, бауырсақ дейсің бе, небір ұлттық тағамдарды самсатып дастарқан жайылып, ойын-сауық қызып, қалың ел арқа-жарқа болып Ұлыстың ұлы күнін тойлап жатты.

Бүкіл қазақ елі, жері ән мен күйге бөленді. Ұлттық рекордтар жасалды. 11500 баламыз домбыраны бір мезгілде дүрілдете тартты. Ұршық иіру, жүн түтуден байқау өтті. 18000 бала Астанада асық ойнаудан бәсекеге түсті. 

Соңғы жылдары Наурызнама бағдарламасы 14 наурыздан бастап салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында енгізіліп жүр. Биыл да сан түрлі тақырыптарды ту етіп көтеріп Наурызнама өзіндік нақыштарымен ерекшеленді. Ең бастысы өмір қиындықтарынан қажыған халық көңілденіп, еңсесі көтерілді. Ауа райы да тамылжып, самал жел есіп тамаша болды.

Иә, Наурызды жаңғыртуда тек мерекелік шараларды көбейту ғана емес, оның ұлттық тәрбие берудегі мән-мазмұнын байытсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Осы жағына көңіл аудара отырып, балаларымызды, адамдарды қуанта білсек. Сонда оларды қалай қуантамыз?

1. Наурыз шаралары өтіп жатқан жерлерде балаларға сыйлықтар берілсе. Бұған бай кәсіпкерлерімізді тартуымыз керек. Бәлкім мұны Қыдыр ата атынан ұйымдастырсақ. 

2. Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында басқа этнос балалары арасында әннен, жырдан байқаулар өткізу.

3. Наурызды мерекелеуді сипаттау ұлттық идеологияның қайнар көзіне айналдырса.

4. Кеңес өкіметінде жоғалтқан ұлттық құндылықтарымызды тауып, қайта түлету.

5. Наурыз мемлекетіміздегі этностарды қазаққа жақындатуға қызмет етуі тиіс.

6. Әз Наурызда әр қазақтың жүрегіне рухтың асыл дәнін себетіндей шараларды ұйымдастыруымыз керек.

7. Бұл ұлы мерекеге банктеріміз де, бай-бағландарымыз да өз үлестерін қосу керек. Қарыздарды кешіріп, кедейлерге қаржылай жағынан көмектесіп, Атымтай жомарттық танытуы тиіс.

Биылғы Наурызда осы айтылғандардың біразы жүзеге асты десек те болады. Тек оны өмірге жақындатып, әлі де тереңдете түскен абзал. Төл жаңа жылымызда қиындықтар, ауыртпалықтарымыз артта қалып, жаңа өмір басталсын. Елімізді әрқашанда тыныштық әлдилесін!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

26.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 28
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 78
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 27
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 27

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24049
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23718
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41198
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37123
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41383