Нәжістегі «тәжді тажал» айлар бойы жойылмайды

Нәжістегі «тәжді тажал» айлар бойы жойылмайды

Сингапурдағы қытай тілінде шығатын танымал басылымдардың бірі «Lianhe Zaobao» газетінің сайтында 17 сәуір күні «Жаңа тәж вирусымен жұғымданушылардың нәжісіндегі «удың» айлар бойы жойылмайтындығын анықтады» атты мақала жарық көрді. АҚШ-ғалымдарының соңғы зерттеулері туралы сөз қозғаған мақалада, коронавирустің жаңа түрлерін жұқтырған науқастардың нәжістеріндегі вирустардың бірнеше айларға дейін өлмей жасайтындығы сөз етілген.

Зерттеушілер бұл вирустың тұрақты болуы, иммундық жүйеге әсер етуі және COVID-19 салдарының ұзаққа созылуына әкелуі мүмкін деген болжам айтқан.

АҚШ-ның Калифорния штатындағы Стэнфорд университетінің зерттеушілері 113 науқастың симптомдарына және олардың нәжісіндегі рибонуклеин қышқылына (РНҚ вирусы) зерттеулер жүргізген. Зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың бұл түрімен жұғымдалғандардың 50 пайызында бір аптаның ішінде вирус нәжіспен бірге шыққан. Ал 13 пайыз науқастардың нәжісіндегі вирустар 4 ай өткенде де өлмеген. Тәжірибеге қатысқандардың 4 пайызының нәжісіндегі коронавирустар жеті айға дейін сақталып жүрген екен. 

Зерттеушілер нәжістегі РНҚ вирустарын сақталып жүруін пациенттердің асқазанының әлсіздігімен байланыстырған. Яғни вирус өкпені ғана зақымдап қоймай асқазан, ішек жолдарына өтіп, осында бірнеше айларға дейін өлмей жасырынып жатады деген қортынды шығарған.  

Стэнфорд университеті Медицина және генетика кафедрасының доценті Бхатт ханым: «Бұл дененің белгілі бір бөліктерінде жасырылған тұрақты инфекциялар ұзақ мерзімге жалғасатын салдардың кілті болуы мүмкін деген сұрақты тудырып отыр»,- депті. «Вирус денеде сақталады және жасушаларға тікелей еніп, тіндерді бұзады немесе иммундық жүйені тітіркендіретін ақуыздарды шығаруы мүмкінЖаңадан анықталып жатқан деректер ағынды сулардан жиналған вирустың ауаға таралу белгілерін түсінуге көмектеседі. Біз ағынды сулардың құрамындағы эпидемиологияны зерттеп жатырмыз. Бұл адам денесінен сыртқа шығарылған вирустардың қанша уақытқа дейін жасайтындығын және қаншалық аумаққа таралатындығын білу үшін өте маңызды болып табылады»,- дейді Ами Бхатт ханым.

Әлемге таралып кеткен вирустың бұл түрімен жұғымдалған науқастар аурудың салдарынан айлар бойына құтыла алмауы мүмкін. Йель университетінің иммунобиология және молекулалық, жасушалық және даму биологиясының профессоры Акико Ивасаки жаңа тәжвирусының ұзақ мерзімді салдарына әкелетін кем дегенде 4 түрлі биологиялық механизм бар екенін айтқан. Олардың бірі тұрақты вирус деструктивті иммундық жауапқа әкелуі мүмкін, осылайша дәрі-дәрмекпен емдеуге болатын белгілерге айналады.

-«Адам денесіндегі антигендер мен РНҚ-ның тұрақты болуы туралы хабарлайтын жалғыз мүше-ішек. COVID-19-дан қайтыс болған пациенттерінің аутопсиялары пациенттердің көпшілігінде лимфоидты тіндерде, мида және басқа да жерлердегі қанның құрамында коронавирус бар екендігін көрсетті. Алайда қазірге дейін COVID-19-дың салдарынан ұзақ мерзімге дейін арыла алмай жүрген науқастардың денесінде қанша уақытқа дейін вирустардың өлмей жүретіндігі толық анықталған жоқ», - деді профессор Ивасаки.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСҚА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР КЕЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 28.03.2024 60
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 110
ОТАНСЫЗ ЖЕТІМ, ДІНСІЗ БАҚЫТСЫЗСЫҢ
Нұрлан Байжігітұлы - 28.03.2024 35
АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ
Шу ауданы әкімдігі - 28.03.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 339
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6441
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8153
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6522
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6657