Некені бұзуға өтініш беретіндер көп

Некені бұзуға өтініш беретіндер көп
 

Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны Конституцияның 27-бабында көрсетілген.
Некеге тұру және оны бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Кодексінде жазылған. Сотқа жиі түсетін талаптардың қатарына некені бұзу туралы талапты көрсетуге болады. Себебі қазіргі уақытта отбасында ұсақ-түйек жанжал туындаса, ерлі-зайыптылар бірден сотқа некені бұзу туралы талаппен жүгінетіні жиілеп барады.

Алайда барлық неке сот арқылы бұзылмайды. Ағымдағы заң талаптарына сай, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде және бір- біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде неке тіркеуші органдарда бұзылады.

Ал егер ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болса, ерлі- зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаса, егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені бұзудан жалтарған жағдайда және ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған кезде неке сот тәртібімен бұзылады.

Осы орайда ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда және өзінің іс-әрекетімен некені бұзудан жалтарған жағдайда сотқа некені бұзу туралы талаппен жүгіну тәртібін азаматтарға түсіндіріп өткен жөн болар.

Ортақ балалары жоқ және мүліктік дауы жоқ ерлі-зайыптылар некені бұзу үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға әйелі мен күйеуі бір мезгілде некені бұзу туралы арызбен жүгінуі қажет.

Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана некені бұзу туралы арызбен жүгінетін болса, онда тіркеуші орган заң талаптарына сілтеме жасай отырып, екінші жұбайының арызы болмауына байланысты некені бұзу туралы арызды қайтарады.

Бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын және кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуі үшін жауапкердің тіркеуші органда некені бұзудан бас тартқанын не оның қарсылығының болмауына қарамастан, некені бұзудан жалтарғанын растайтын дәлелдемелерді сотқа ұсыну қажет.

Талап қоюшы некені тіркеуші органда бұзу ниеті туралы жауапкерге тиісті түрде хабарлағанын растайтын дәлел ретінде сотқа жауапкердің пошталық хат-хабарды алу туралы хабарламасын, электрондық пошта мекенжайына, ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жолдаған ұсынысын, өзге де электрондық байланыс құралдарына жіберілген хабарламаларын айтуға болады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексінің 240-бабында егер ерлі-зайыптылар некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні тіркеуші органға келе алмаса, олар тіркеуші органға некені бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алатыны көрсетілген.

Сондықтан некені бұзуға ниеттенген ерлі- зайыптылардың біреуі екінші жұбайына некені бұзу туралы тиісті түрде хабарлама жолдап, екі мәрте тіркеуші органға тиісті арызбен жүгініп, онда белгілі себептермен неке бұзылмаған жағдайда ғана, некені бұзу туралы талап соттың өндірісіне қабылдануға жатады.

Ал жоғарыда аталған заң талаптары бұзылған жағдайда сот дауды сотқа дейін реттеу тәртібін сақтамағаны үшін, некені бұзу туралы талапты сотқа қабылдамай, арыз иесіне қайтарады. Ортақ балалары жоқ және мүліктік дауы жоқ ерлі зайыптылардың некесін бұзу туралы талаптар жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа
берілуі қажет.

Ал жастары кәмелетке толмаған балалары
өзімен бірге тұратын талап қоюшы бұндай талаппен тұрғылықты жерінде орналасқан сотқа талап қоюшының таңдауы бойынша бере алады.
Ағымдағы заң талаптары бойынша некені бұзу туралы талаптарды соттың өндірісіне қабылдамай тұрып, он жұмыс күні ішінде судьялар міндетті түрде татуластыру рәсімдерін жүргізеді.

Татуластыру рәсімдерін тек судьялар ғана емес, билер кеңесінің мүшелері мен медиаторлар да жүргізе алады. Егер татуластыру рәсімдері тиісті нәтиже бермеген жағдайда ғана, сот талап қоюды қабылдап, азаматтық істі қарау барысында ерлі- зайыптыларға ресурстық көмек көрсету үшін, арнайы құрылған жұмыс тобына сот тапсырмасын жолдайды.

Өз кезегінде жұмыс тобы ерлі- зайыптылармен әңгіме жүргізіп, некені бұзудың нақты себебін анықтап, отбасын сақтап қалуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. Егер жүргізілген іс-шаралар оң нәтижесін бермеген жағдайда ғана, ол туралы тиісті қорытынды жасалып, осыдан кейін сот шешім шығаруы мүмкін.

Соттың өндірісіне қабылданған некені бұзу туралы талаптар бойынша егер ерлі- зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі-зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім бере алады. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса, неке соттық тәртіпте бұзылады.

Жоғарыда аталып өткен іс-шараларды жүргізудегі мақсат – ерлі-зайыптыларды татуластырып, отбасын сақтап қалу және балалардың толық отбасында тәрбиеленіп, әке мен ананың қамқорлығында өсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Көрсетілген мәліметтер сотқа некені бұзу туралы арызбен жүгінген тұлғаларға тиісті бағыт- бағдар береді деп санаймын.

Гүлмира ӘЛІМҚҰЛОВА, Тараз қалалық сотының судьясы.
10.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 18
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 7
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 15
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 13
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 26
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 24
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 251
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 246
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 870

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8943
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8335
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11563
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9321
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10547