Нұрлан Ноғаев ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер асты суларының көздерін жүйелеуді тапсырды.

Нұрлан Ноғаев ауыл шаруашылығын дамыту үшін жер асты суларының көздерін жүйелеуді тапсырды.

Маңғыстауда су тапшылығы әлі де өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  Өңірде агроөнеркәсіппен айналысатын шаруалар да су тапшылығын тартуда.  Ауыл шаруашылығы саласына тың серпін беру мақсатында Нұрлан Ноғаев жерасты  суы көздерін  пайдалануды арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

 – Су ресурстарын тиімді пайдалану қажет.  Агроөнеркәсіп кешені үшін құдық қазумен қатар, жер асты су көздерін тазартып, қайта пайдалану қажет.  Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстауға жұмыс сапары барысында бірнеше рет айтылды. Аймаққа білікті мамандар қажет, сондықтан бағдарламаға гидрология мамандығы бойынша оқытуды енгізіп қана қоймай, сонымен қатар жастарды ынталандыру аспектісін де қарастыру маңызды. Ол үшін түрлі гранттар беріп, жағдай жасау керек, - деді аймақ басшысы.

 

Биыл Маңғыстау облысының агроөнеркәсіп кешен саласын сумен қамтамасыз ету мақсатында су құнын субсидиялауға 24,9 млн теңге бөлінген.  Бүгінгі таңда 16 шаруа қожалығына  19,5 миллион теңгеге субсидия берілді.

 Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімовтің айтуынша, биыл жер асты құдығын қазуға жергілікті бюджеттен 45 миллион теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып-алу конкурсы жарияланған.  Ал, инвестициялау арқылы 107 млн.теңгеге 23 құдық қазылған.  Бұрын иесіз деп танылған 436 құдық меншік иесіне өткен.

 

 – 2022 жылы барлық егістік алқабы - 1204,3 гектарды құрады.  Өткен жылмен салыстырғанда барлық егістік  алқабы 43,6 %, ал бау-бақша өнімдерін  55,2%-ға көбейді.  Жалпы облыста жер үсті  тұщы сулары, көлдері болмағандықтан, егіншілердің 95%-ы суды жер астынан ұңғыма қазу арқылы пайдаланады.  Бұл ретте, өңірдің шаруагерлері егістікке суды үнемдеу мақсатында, тамшылата суару жүйесін қолдану арқылы өнімдерін өсіреді. 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес қалалар мен аудандардағы агрозоналарда ұңғымаларды бұрғылау арқылы суару инфрақұрылымын құру іс-шарасы енгізілген болатын. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы аясында, 2014-2021 жылдар аралығында 1,58 млрд теңгеге 449 құдық қазылды, - деді Қазбек Тәшімов.

 

Маңғыстау облысында жер асты суына ие  65  кен орны бар. Кен орындарында қазір табиғи су қорының мүмкіндіктерін пайдалану бойынша жұмыстар да жүргізілуде.

 

 Мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы су тапшылығын жою міндетін қойғаны белгілі.  Осы тапсырманы орындау аясында  облыста бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.  Маңғыстау облысында ірі 9 жобаны жүзеге асыру арқылы ауыз су тапшылығын шешу жоспарланған

Маңғыстау облысының әкімінің баспасөз қызметі
23.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 48
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 110
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 115
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 307
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 301
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 923

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601