Нұрлан Ноғаев Шетпе ауылындағы карьерлер туралы: Кәсіпкерлер халықтың наразылығын тудырмай жұмыс істеуі керек

Нұрлан Ноғаев Шетпе ауылындағы карьерлер туралы: Кәсіпкерлер халықтың наразылығын тудырмай жұмыс істеуі керек

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау ауданына барған сапарында бірнеше жылдан бері Шетпе ауылының тұрғындары мен қиыршық тас өндіруші кәсіпкерлер арасында дауға айналған карьерге барды,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Екі тарапты тыңдаған облыс әкімі карьер иелеріне жұмыстарын қатаң заң талаптарына сай, халыққа зиян келтірмей істеу керек екенін атап өтті.  Осыған дейін ауыл тұрғындарынан карьердегі жарылысқа, шаң көтерілуіне,  жүк тиелген көліктердің автожолға келтіріп жатқан зияны жөнінде  шағым түсірген еді.

- «Маңғыстау облысының әкімдігі» Telegram чат-арнасы ашылғалы бері  Шетпе тұрғындары бұл мәселелерді күн сайын көтеріп келеді. Мемлекеттік орган басшылары аталған  мәселені шешу үшін ұсыныстар әзірлеу туралы тапсырма алды. Кәсіпкерлердің жұмысын бақылау маңызды, олар қолданыстағы заң талаптарын сақтай отырып, халықтың наразылығын тудырмай жұмыс істеп керек. Кәсіпорындар жұмыс орындарын құрып,  жергілікті бюджетке салық төлеуі тиіс. Бұл жұмыстар өркениетті жүргізілуі керек, - деді Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, кездесуде өндіріс маңына онлайн-бейнекамера орнатып, шыға беріс жолға жүк көліктерінің салмағын өлшеп, қозғалысты бақылайтын пунктер қою және т.б. ұсыныстар айтылды.

Аталған ұсыныстардың барлығын облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобы жинап, пысықтайтын болады.

04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 103
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 115
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 206
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 344
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 345
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 576
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 519

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9224
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8620
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11846
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9616
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10829