Нышанбек – ел чемпионы

Нышанбек – ел чемпионы
Жуырда Қонаев қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен есту мүшелері зақымданған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ел біріншілігі өтті. Дүбірлі додада біздің ауданның тумасы, Аса ауылының жас балуаны Нышанбек Мырзахмет бақ сынады.
Байрақты бәсекеде 60 келі салмақта күрескен Нышанбек қарсылас шыдатпады. Бозкілем үстінде кездескен балуандарды оңды-солды лақтырып, күрес стилімен көрермен көзайымына айналды. Ақтық сындағы қарсыласын ұпай санымен жеңіп, алтыннан алқа тағынды.
Бапкері Нұрзат Алтеев қол астында жаттығатын жас балуаннан зор үміт күтетінін, алдағы уақытта биік белестерді бағындыратынына, халықаралық жарыстарда топ жаратынына сеніммен қарайтынын айтады.
Жамбыл ауданы әкімдігі
26.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5125
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5285
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20245
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18888
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22347