Облыс әкімі пилоттық жобаның механизімін өзгертпей, жемісті жалғастыруды тапсырды

Облыс әкімі пилоттық жобаның механизімін өзгертпей, жемісті жалғастыруды тапсырды

«Тараз» ӘКК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Дәулет Әбілқайыров коорпорация жұмысын жүйелеудің стратегиялық бағыты және мақсаты туралы баяндады. Коорпорацияны дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жұмыс стратегиясы негізгі алты бағыттан құралған. Соның негізгісі – өңірде инвестициялық жобаларды тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Коорпорацияның сала бойынша басқарушы директорлары стратегиялық құжаттың әр блогына кеңінен тоқталып, инвестициялар тарту, бизнесті қолдау, активтермен жұмыс істеу, өңірлік тұрақтандыру қорының алдағы жұмыс жоспары туралы жеке-жеке хабарлады.

Бесжылдық жобаның таныстырылымын мұқият тыңдаған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов те инвестициялық жобаға басымдық беру мәселесін қолдады. Аймақ басшысы бүгінде нәтижесін беріп отырған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасының тиімділігі мол екенін айта отырып, директорлар кеңесінің мүшелеріне пилоттық жобаның механизімін  өзгертпей, жемісті жалғастыруды тапсырды.

– «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясына үлкен міндеттер жүктелген. Басты мақсат – инвестициялық жобаларға басымдық беру. Осы ретте шетелден инвесторлар тартуды нәтижелі жүзеге асыру үшін, мамандардың біліктілігіне жоғары мән берген дұрыс. Бірнеше тілді меңгерген, әрі ісіне тиянақты мамандармен жұмыс жасау керек. Пилоттық жоба аясында мал шаруашылығын бастаған кәсіпкерлердің қатары көбеюде. Сүт тапшылығы туындаған өңдеу зауыттарына жақын аудандардан сүт жеткізу мәселелерін де қарастыру қажет. Ең бастысы Үкімет тарапынан берілген мүмкіндікті  барынша пайдалану керек,–деді Нұржан Нұржігітов.

Облыс әкімі пилоттық жоба аясында құрылған өңірдегі 14 кооперативке аграномдарды тарту мәселесін көтерді. Бір ауданға кем дегенде бір білікті аграном шақыру арқылы өнімді еселеп алудың жолдарын қарастыруға болатынын жеткізді.

Сонымен қатар, аймақ басшысы бесжылдық жобаға өтімді әрі жемісті жүзеге асатын идеялар ұсынылса, барынша қаржылай қолдаудың тетіктерін қарастырылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, коорпорацияға келген азаматтардың мәселелерін тез арада шешу жайы әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Осы ретте аймақ басшысы коорпорацияға бюрократиядан құтылып, пилоттық жоба аясында несие алуға өтініш берген тұрғындардың мәселсін жедел шешудің маңыздылығын ескертті.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
20.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801